«Әділет» (ресми атауы — «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі)«Әділет» партиясы» Қоғамдық Бірлестігінің ЖАРҒЫСЫ — Қазақстандағы ең ірі ресми тіркелген президентшіл саяси партия. Партияны Құрылтай спикері Айбек Дәдебай басқарады.

Жаңа партия құру бастамасы ресми түрде 2026 жылғы 15 сәуірде жарияланды. 7 мамырда партия өзінің құрылтай съезін ұйымдастырып, 1 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. 14 маусымда ең ірі партия саналған «Аманат» партиясын өз құрамына қосып, «Әділет» елдегі басты саяси ұйымға айналды.

2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Құрылтайының тұңғыш сайлауында «Әділет» 110 мандатқа ие болды.

Тарихы 2026 жылғы 15 сәуір күні 15 шақты адамнан тұратын бастамашыл топ жаңа «Әділет» саяси партиясын құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады.Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін Жаңа партия құру туралы мәлімдемеге қол қойғандар қатарында Гүлзира Атабаева, Ренат Бектұров, Қарлығаш Жаманқұлова, Динара Зәкиева, Рауан Кенжеханұлы, Лаура Қарабасова, Андрей Лаврентьев, Нұрбек Матжани, Марат Шибұтов, Ләззат Шыңғысбаева және басқалары болды.Бастамашыл топ жаңа "Әділет" саяси партиясы құрылатынын мәлімдеді Келесі күні «Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігінен саяси партия құру ниеті туралы хабарламаның қабылданғанын растайтын құжат алғанын хабарлады.«Әділет» партиясын құру бастамасы ресми түрде тіркелді

7 мамыр күні Астанада «Әділет» партиясының құрылтай съезі өтіп, президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай партияның төрағасы болып сайланды. Съезге әр өңірден барлығы 931 делегат қатысты.Құрылтай съезінде «Әділет» партиясының жарғысы бекітілді Партия саяси кеңесінің құрамына 40 адам енді: Айбек Дәдебайдан басқа «Қазақтелеком» АҚ басшысы Бағдат Мусин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, «Әділ сөз» халықаралық қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова, президент Тоқаевтың жиені Дана Медеуова, саясаттанушы Марат Шибұтов, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы, Астана қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров, өзге де қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер болды.Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайландыВне алфавита. Племянница Токаева и экс-глава его администрации вошли в политсовет новой партииВ политсовет партии "Әділет" вошли Багдат Мусин, Динара Закиева и Андрей Лаврентьев Одан бөлек 13 адамнан тұратын саяси кеңес бюросы сайланды.Кто вошел в состав Бюро политического совета партии «Әділет»

1 маусым күні партияны Әділет министрлігі мемлекеттік тіркеуден өткізді.Қазақстанда жаңа партия ресми түрде тіркелді (видео)

Елде билік ететін «Аманат» партиясы 12 маусымда өткен XXVI съезінде «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешім қабылдады.Amanat пен «Әділет» партиясы бірікті 14 маусымда өткен «Әділет» партиясының ІІ съезінде бұл шешім мақұлданды.«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы

2 шілде күні 17 облыс пен 3 қалада «Әділет» партиясының өңірлік филиал басшылары сайланды.«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады Олардың жартысына жуығы бұрын сол өңірдегі «Аманат» партиясының филиалын басқарған.Кто возглавил «Әділет» в регионах

10 шілдеде партияның III кезектен тыс Съезінде алдағы Құрылтай сайлауына қатысатын 186 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді.«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

Идеологиясы «Әділет» партиясының бағдарламасында реформашыл центризм қағидатын ұстанатыны, партия өзін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясаты мен ол ұсынған саяси реформаларды қолдайтын саяси күш ретінде көретіні жазылған. Партияның негізгі құндылықтары қатарында Әділет, Патриотизм, Еңбекқорлық, Жауапкершілік және Прогресс аталған.«Әділет» партиясының «Әділетті Қазақстанды бірге құрайық» бағдарламасы

Құрылымы Партияның басқару органдарына съезд, съездер аралығында жұмыс істейтін саяси кеңес, саяси кеңес отырыстары аралығында жұмыс істейтін саяси кеңестің бюросы жатады.

Партия төрағасы — партиядағы жоғары басшылық етуші тұлға. Партия төрағасы өзінің орынбасарлары мен партия Орталық аппаратының басшысын тағайындайды.

Партияның құрылымдық бөлімшелеріне өңірлік филиалдар, аумақтық филиалдар және бастауыш партия ұйымдары жатады.

Партия филиалының басқару органдарына конференция, конференциялар аралығында жұмыс істейтін саяси кеңес, саяси кеңес отырыстары аралығында жұмыс істейтін саяси кеңестің бюросы жатады. Партия филиалының төрағасы филиал қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Партияның бақылау-тексеру және бақылау органдарына Орталық бақылау-тексеру комиссиясы және Партиялық бақылау комитеті, партия филиалдарының бақылау-тексеру комиссиялары жатады.

Басшылығы Партия төрағасы мен оның 6 орынбасары:Партия басшылығы Айбек Дәдебай — партия төрағасы Әлия Адамбаева — партия төрағасының орынбасары (коммуникация)«Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды Нұрсұлтан Байтілесов — партия төрағасының орынбасары (құқық және заңнама) Эльдар Жұмағазиев — партия төрағасының орынбасары (экономика, салалық және өңірлік даму) Ержан Жылқыбаев — партия төрағасының орынбасары (идеология) Асхат Оралов — партия төрағасының орынбасары (бақылау, талдау және қызметті бағалау) Қаныш Төлеушин — партия төрағасының орынбасары (цифрландыру)

Партияның саяси кеңес бюросының құрамына 13 адам кіреді: Гүлзира Атабаева (Құрылтай депутаты) Ренат Бектұров («Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы) Белла Газдиева (Халық кеңесінің мүшесі) Айбек Дәдебай («Әділет» партиясының және Құрылтайдың төрағасы) Қарлығаш Жаманқұлова (Құрылтай депутаты) Динара Закиева (Құрылтай төрағасының орынбасары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл) Рауан Кенжеханұлы (Халық кеңесінің мүшесі, «Қазақ тілі» халықаралық қорының президенті) Замира Кузиева (Құрылтай депутаты) Андрей Лаврентьев (Халық кеңесінің мүшесі, «Qarmet» және «Allur» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы) Мұхамедқали Тауан («UNI-Q Group» медиахолдингінің бас директоры) Ирина Тен (Құрылтай депутаты) Марат Шибұтов (Құрылтай депутаты) Ләззат Шыңғысбаева (Халық кеңесі төрағасының орынбасары, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы)ЦИК зарегистрировала партийный список партии "Әділет"

Съездер Съезі Күні Өткен орны«Әділет» партиясының I құрылтай съезі7 мамыр 2026 жыл. Айбек Дәдебай бірауыздан партияның төрағасы болып сайланды. Партия саяси кеңесінің құрамы бекітілді.Астана«Әділет» партиясының II съезі14 маусым 2026 жыл. Партияға елде билік еткен «Аманат» партиясы (800 мың мүше) қосылды. Партияның өңірлік филиалдарын құру туралы шешім қабылданды.Астана«Әділет» партиясының III съезі10 шілде 2026 жыл. Партияның сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізім (186 кандидат) бекітілді.Астана

Сайлаулар Парламент сайлауы СайлауТөрағасыДауыс саны%Мандат саныОрныДереккөз2026Айбек Дәдебай6 528 94871,17 %1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Дереккөздер

Санат:Қазақстан саяси партиялары