Әлия Ғалымжанқызы Рақышева (18 маусым 1980, Алматы) — қазақстандық саясаткер және заңгер. 2018—2019 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және 2019–2020 жылдары Президенттің кеңесшісі болған.Ракишева Алия Галимжановна (персональная справка)
Өмірбаяны Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.
2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы.
2002-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы.
2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі.
2007-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы.
2013-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі.
2018 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылғы 23 қазаннан бастап — Қазақстан Президентінің кеңесшісі.Рақышева Әлия Ғалымжанқызы 2020 жылғы 5 мамырда басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева
2020 жылғы 6 мамырда Парламент Сенаты аппаратының басшысы болып тағайындалды.Алия Ракишева назначена Руководителем Аппарата Сената 2023 жылғы 9 қаңтарда берген өтінішіне сәйкес лауазымнан босатылды.Важно активнее привлекать маслихаты к разработке законопроектов
Дереккөздер
Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері