Бенжамин Гедеон (; 18 маусым 2006, Будапешт, Мажарстан), сахналық есімі Cosmó ретінде белгілі — аустро-мажар әншісі және ән авторы. Аустрия атынан Eurovision ән байқауы 2026 «Tanzschein» әнімен қатысады.
Жастық шағы Бенжамин Гедеон Будапештте, Мажарстанда дүниеге келген және Хальбтурн, Бургенланд аймағында өскен. Оның әкесі неміс, анасы мажар ұлтынан. Төрт жасында Нойзидль-ам-Зее қаласындағы Орталық музыка мектебінде музыкалық білім ала бастады. Екі жылдан кейін сол мектепте фортепиано үйренді. 13 жасынан бастап вокалмен айналысып, осы кезеңде ән жазуды қолға алды. Өзінің шын атымен алғашқы авторлық әндерін шығарды.
Мансапы Бенжамин Гедеон 2020 жылы алғаш рет The Voice Kids-тың неміс нұсқасына қатысып, бірақ екінші кезеңнен кейін жарыстан шығып қалған. 2022 жылы қайта оралып, шоудың оныншы маусымының финалына дейін жетті. Оның тәлімгері Альваро Солер болды. Финалда Фрэнк Синатраның екі әнін орындады.
Бенжамин Гедеон кейін Альваро Солернің екі концертіне қатысты — Грац қаласындағы Касематтен ашық сахнасында және Венадағы Gasometer алаңында. Starnacht am Neusiedler See, Gols халық фестивалі және Schardakenfest сияқты шараларда өнер көрсетті. Фортепиано мұғалімі Гебхард Раушермен бірге Киттзе қамалында екі рояльде бір мезетте орындалған концерт берді. Қазан айында Бургенланд губернаторымен кездесіп, оның теледидардағы өнерін тамашалағаны белгілі болды. Желтоқсанда Mahlzeit Burgenland эфирінде алғашқы радиоинтервьюін берді. 2021 жылғы шілдеде podium.jazz.pop.rock конкурсында өзінің «Fall into Your Arms» атты джаз композициясымен жеңіске жетті. 2023 жылдың күзінде Burgenland Song Challenge-ға қатысып, осы әнмен өнер көрсетті. Осы кезеңде тікелей концерттер мен студиялық жазбалар үшін жеке музыкалық топ құрды.
Бенжамин Гедеон 2025 жылғы 15 желтоқсанда Vienna Calling – Wer singt für Österreich байқауына қатысатыны белгілі болды. «Tanzschein» әнімен, Cosmó сахналық есімімен өнер көрсетті. 2026 жылғы 20 ақпанда өткен финалда жеңіске жетіп, Аустрия атынан Eurovision ән байқауы 2026 қатысу құқығын алды.
Бенжамин Гедеон сценалық есімнің пайда болуы және беттегі көк жұлдыз бейнесі Vienna Calling – Wer singt für Österreich тыңдауына аз уақыт қалғанда қалыптасқанын айтқан. Сөзінше: «Бір сәтте ойланып қалдым: мен тез арада есімімді өзгертемін. Себебі бұл мен бұрын жасаған дүниелерден мүлде бөлек еді. Бұрын мен ағылшынша поп-рок және классикалық рок стилінде ән жазатынмын, қазір бұл көбірек неміс попы. Сондықтан мен бәрін жаңадан бастаймын деп шештім. Осылай Cosmó пайда болды, кейін визуалды бейне ретінде жұлдыз идеясы шықты».
Дискографиясы Деректер iTunes-тен алынған.
Мини-альбом + Мини-альбомдар тізімі Атауы МәліметтерFrom My RoomШығарылған күні: 2025 жыл 13 маусым Лейбл: тәуелсіз Формат: цифрлық жүктеу Lieber tanz ich weiterШығарылған күні: 2026 жыл 8 мамыр Лейбл: Töchtersöhne Формат: цифрлық жүктеу
Сингл + Синглдер тізімі Атауы Жыл Альбом / EP «Give Me a Moment» 2022 Альбомдық емес синглы «Pizza» «Fall into Your Arms» 2023 «Faster Than Ever Before» 2024 «Play Another Song» 2025 From My Room «28 Hours» «Don't Dream It's Over» «Tanzschein» 2026 Lieber tanz ich weiter
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Будапештте туғандар Санат:Аустрия әншілері Санат:XXI ғасыр әншілері Санат:Мажарстан әншілері Санат:Eurovision ән байқауы 2026 қатысушылары Санат:Eurovision ән байқауындағы Аустрия өкілдері