Николай Семенович Боголюбов (24 қараша 1905, Мәскеу, Ресей империясы — 4 маусым 1975, Мәскеу, КСРО) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері. Қырғызстан К(б)П ОК бірінші хатшысы (1945–1950).

Өмірбаяны 1905 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келді.

1921—1924 жылдары шаруа қожалығында жұмыс істеді.

1924 жылдың қарашасынан — 1925 жылдың ақпанына дейін оқу лашығының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1925 жылдың желтоқсанынан — 1928 жылдың қазанына дейін БК(б)П Волоколамск уездік комитетінің есептік-үйлестіргіш, ақпарат бөлімі меңгерушісі (Мәскеу губерниясы) болып еңбек етті.

1928 жылдың қазанынан — 1929 жылдың қазанына дейін Бүкілодақтық «Оргстрой» қоғамының нұсқаушы-тиімділендіруші (Мәскеу) лауазымында мехнат қылды.

1929—1930 жылдары М. И. Калинин атындағы кешкі жұмысшы факультетінің тыңдаушысы болды.

1929 жылдың қазанынан — 1930 жылдың желтоқсанына дейін Өнеркәсіптік басқару кеңсесінің ғылыми қызметкері, Техника институтындағы Басқару техникасы институтының эксперименттік тексеру және сараптама секторының меңгерушісі (Мәскеу) болып еңбектенді.

1930 жылдың желтоқсанынан — 1931 жылдың маусымына дейін Бүкілодақтық ауыр машина жасау бірлестігіндегі Ұйымдастыру басқармасының Әкімшілік секторы басшысы болды.

1932 жылдың қаңтарынан — 1934 жылдың ақпанына дейін Мәскеу механика-машина жасау институтында оқыды.

1934 жылдың ақпанынан — 1936 жылдың қарашасына дейін Чушкалы сүт-ет кеңшарының Саяси бөлім басшысы (Солтүстік Қазақстан облысы) міндетін атқарды.

1936 жылдың қарашасынан — 1937 жылдың қарашасына дейін Келлер аудандық комитетінің 1-хатшысы (Солтүстік Қазақстан облысы) ретінде жұмыс істеді.

1937 жылдың қарашасынан — 1938 жылдың маусымына дейін Щучинск аудандық комитетінің 1-хатшысы (Солтүстік Қазақстан облысы) болып қызмет атқарды.

1938 жылдың маусымынан — 1939 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің 3-хатшысы болып еңбек етті.

1939 жылдың шілде-қазан айлары аралығында Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің үгіт-насихат жөніндегі хатшысы лауазымында мехнат қылды.

1939 жылдың қазанынан — 1942 жылдың қазанына дейін Қазақстан К(б)П Семей облыстық комитетінің 1-хатшысы болып еңбектенді.

1943 жылдың 15 ақпанынан1943 жылдың 11–15 ақпандағы Қазақстан К(б)П ОК VIII пленумының қаулысы. 1942 жылдың қазанында Қазақстан К(б)П ОК Бюросының қаулысымен бекітілді. тамызға дейін Қазақстан К(б)П ОК 3-хатшысы болды.

1943 жылдың тамызынан — 1944 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан К(б)П Алматы облыстық комитетінің 1-хатшысы міндетін атқарды.

1944 жылдың 5 қыркүйегінен — 1945 жылдың тамызына дейін Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы ретінде жұмыс істеді.

1945 жылдың 26 шілдесінен1945 жылдың 25–26 шілдесінде өткен Қырғызстан К(б)П ОК XIV пленумының қаулысы — 1950 жылдың 7 шілдесіне1950 жылдың 6–7 шілдесінде өткен Қырғызстан К(б)П ОК VI пленумының қаулысы дейін Қырғызстан К(б)П ОК 1-хатшысы болып қызмет атқарды.

1945 жылдың 26 шілдесінен — 1950 жылдың 7 шілдесіне дейін Қырғызстан К(б)П ОК Бюро мүшесі болып еңбек етті.

1950—1951 жылдары БК(б)П ОК жанындағы Қайта даярлау курстарының тыңдаушысы болды.

1951—1956 жылдары РКФСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас жол басқармасы басшысы, РКФСР жол және көлік шаруашылығы министрінің орынбасары, КСРО автомобиль көлігі және тас жолдар министрінің орынбасары лауазымында мехнат қылды.

1956—1974 жылдары РКФСР МК жанындағы Мемлекеттік арбитраждың бас мемлекеттік төрешісі болып еңбектенді.

1974 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-3 шақырылымдары депутаты.

Дереккөздер

Сілтемелер Николай Боголюбов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы

Санат:Қырғыз КСР КП ОК бірінші хатшылары Санат:Одақ Кеңесінің 1-шақырылым депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Одақтық маңызы бар дербес зейнеткерлер