Клара Жолбарысқызы Шертаева — фармация ғылымының докторы (2005), профессор (2007).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1960 жылы 28 ақпанда қазіргі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Шіркін ауылында туған.

Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент бөлімшесін (1985), I-Мәскеу мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын (1992) бітірген. 1985-88 жылдары Тараз қаласындағы облыстық дәріханада провизор-инспектор, 1992-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 2007 жылдан кафедра профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – фармацевтикалық нарықта аумақтық маркетингтік зерттеулер. "Қазақстан Республикасында халықтың науқастану топтамаларының әлеуметтік кепілдік әдісімен тегін дәрі-дәрмектермен қамтуда ұйымдастыру-құқықтық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралы, 1 оқулық, 1 әдістемелік нұсқаудың авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісінің үздігі медалі" (2017).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Шертаева Клара Джолбарисовна.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Фармация ғылымдарының докторы Санат:Профессорлар Санат:Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы тұлғалары