Жантикин Тимур Мифтахұлы (7 наурыз 1954 жыл, Алматы) — қазақстандық ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік қайраткер. Қазақстан Республикасының атом энергетикасы саласындағы жетекші мамандарының бірі. 2025 жылдың 25 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

1976 жылы Новосибирск мемлекеттік университетін «Физика және қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылы «Кейбір интерметаллидтер мен аморфты темір қорытпаларының радиациялық зақымдануының Мессбауэр спектроскопиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

Еңбек жолын Қазақстан Ғылым академиясының Ядролық физика институтында бастап, кейін атом энергетикасы саласындағы түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы, Атом энергиясы комитетінің төрағасы, «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ бас директоры қызметтерін атқарған.

Өмірбаяны

Білімі Новосибирск мемлекеттік университетін (1976)  "Физика және қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Кейбір интерметаллидтер мен аморфты темір қорытпаларының радиациялық зақымдануының Мессбауэр спектроскопиясы "(1987)

Қызметі Қазақстан Ғылым Академиясы ядролық физика институтының аға зертханашысы, инженері, кіші ғылыми қызметкері (1976-1992);

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің бөлім бастығы, бас директорының орынбасары (1992-1995);

Қазақстан Республикасының МН-АН жанындағы Атом энергиясы агенттігінің бас директоры (10.1995-03.1999);

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы комитетінің төрағасы (ғылым және жоғары білім министрлігі, 10.1999 - ХЭИТ, 12.2000 - ЭМРМ) (03.1999);

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы (03.2010-07.05.2012);

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы (22.05.2012-12.2013);

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары (12.2013-2014);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2014-2016);

"Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ Бас директоры (2016-25.04. 2025);

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары (25.04.2025 бастап).

Басқа лауазымдар "Қазатомөнеркәсіп" ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (1999-2001);

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті жанындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің мүшесі

Марапаттары Ресей Федерациясы Үкіметінің ғылым және техника саласындағы Сыйлығының лауреаты (1997) "Құрмет" ордені, медальдар

Дереккөздер