Мемристор ( - жадысы бар резистор) - электр тізбегіндегі пассивті элементтердің бірі болып саналатын электрондық құрылғы. Оның басты ерекшелігі - өзінен өткен электр зарядының тарихын есте сақтау қабілеті. Мемристордың кедергісі оған дейін берілген ток пен кернеуге тәуелді өзгереді және электр қуаты өшірілгеннен кейін де сақталады. Мемристор ұғымын алғаш рет 1971 жылы америкалық ғалым Леон Чуа ұсынған. Ол мемристорды резистор, конденсатор және индуктивтік катушкадан кейінгі төртінші негізгі электрлік элемент ретінеде сипаттады.

Тарихы 1971 жылы Калифорния университетінің профессоры Леон Чуа электр тізбектерінің теориясын зерттеу барысында мемристордың математикалық моделін жариялады. Ұзақ уақыт бойы бұл құрылғы тек теориялық ұғым ретінде қарастырылды. 2008 жылы Hewlett-Packard (HP) зертханасының ғалымдары мемристордың алғашқы тәжірибелік үлгісін жасап, оның жұмыс қабілетін дәлелдеді. Осыдан кейін мемристорларға деген қызығушылық күрт артып, көптеген ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады.

Құрылысы Мемристор әдетте үш қабаттан тұрады: Жоғарғы металл электрод; Оқшаулағыш немесе жартылай өткізгіш қабат; Төменгі металл электрод

Жұмыс істеу принципі Мемристордың негізгі қасиеті - оның кедергісі бұрынғы электрлік әсерлерге тәуелді болуы. Электр тогы белгілі бір бағытта өткен кезде құрылғының кедергісі азаюы мүмкін. Ал ток бағыты өзгерсе, кедергі қайта артады. Қуат көзі ажыратылған жағдайда да соңғы күй сақталып қалады. Осы қасиет мемристорды энергияны аз тұтынатын жады құрылғыларын жасауға мүмкіндік береді.

Қолданылуы Компьюетрлік жады Мемристорлар энергия тәуелсіз жадыларды жасау үшін қолданылады. Олар ақпаратты электр қуатынсыз сақтай алады. Жасанды интеллект Мемристорлар адам миындағы нейрондар мен синапстардың жұмысын модельдуге мүмкіндік береді. Сондықтан олар нейроморфтық есептеу жүйелерінде кеңінен зерттелуде. Нейрондық желілер Замануи жасанды интеллект жүйелерінде мемристорлар салмақ коэфициенттерін сақтау элементтері ретінде қолданылуы мүмкін. Сенсорлық құрылғылар Төмен энергия тұтынуының арқасында мемристорлар түрлі сенсорлар мен ендірілген жүйелерде пайдаланылуы ықтимал. Сондай-ақ қараңыз Жасанды интеллект Интегралды микросхема Резистор Компьютер жадысы

Пайдаланған әдебиеттер

Санат:Электрлік компоненттер