Климовичи () — Беларусьтің Могилёв облысындағы қала. Климовичи ауданының әкімшілік орталығы. 2026 жылғы 1-қаңтардағы жағдай бойынша Климовичи қаласының халқы 14 663 адамды құрады.

Географиялық сипаттамасы Климовичи — Беларусь Республикасының Ресей Федерациясының Смоленск облысының аумақтарымен шығыс шекарасында, Звенчатка кеден бекетінен 35 шақырым және Могилёвтан 140 шақырым жерде орналасқан. Автомобиль жолдары арқылы Могилев, Родня, Кричев, Хотимск, Костюковичи қалаларымен байланысады. Климовичи теміржол вокзалы Орша - Костюковичи - Брянск бөлімшесінде пойыздарға қызмет көрсетеді.

Тарихы Климовичи туралы алғаш рет 1581 жылы Литва Ұлы Герцогтігінің Мстислав воеводствосындағы шағын елді мекен ретінде жазба деректерде айтылған. 1720 жылдан бастап Климовичи Белецкийлер отбасының, ал 1758 жылдан Голынскийлер отбасының иелігінде болды. 1772 жылы Поляк-Литва Одағының бірінші бөлінуінің нәтижесінде Климовичи Ресей империясының құрамына енді. 1781 жылы қалаға елтаңба берілді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 19 ғасырдың аяғында Климовичиде үш тері өңдеу зауыты, бес бастауыш мектеп, аурухана, дәріхана, кітапхана болды. Халқы шамамен 4700 адам, оның жартысы еврейлер болды.

1921 жылы Климовичиде Орша-Унеча темір жолының стансасы ашылды. 1924 жылы Климовичиге аудан орталығы мәртебесі берілді. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде қала халқының саны 9500 адамды құрады. Соғыс кезінде қаланы 1941 жылдан 1943 жылға дейін неміс әскерлері басып алды. Неміс оккупациясы кезінде Климовичиде еврей геттосы құрылды, онда аймақтағы еврей халқының көпшілігі қайтыс болды. Соғыстан кейін қала белсенді түрде қалпына келтірілді және дамыды, бірақ 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа байланысты Климовичи радиоактивті ластанудан зардап шеккен аймақта болды.

Экономикасы және инфрақұрылымы Өңірде өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 5 кәсіпорын айналысады: «Климовичи нан-тоқаш комбинаты» РМК, наубайхана, «Климович сүт зауыты» ААҚ және металл бұйымдары зауыты.

Қалада бес орта мектеп, гимназия (бұрынғы No2 орта мектеп), №3 орта мектеп, №4 орта мектеп және бастауыш мектеп (бұрынғы Климовичи қосалқы мектеп-интернаты) бар. Сондай-ақ орта арнаулы білімі бар мамандарды даярлайтын ауылшаруашылық колледжі де бар. Ауданның негізгі мәдениет мекемелерінің желісіне Мәдениет үйі, 4 филиалы бар қалалық және ауылдық өнер мектебі, тоқу, ағаш ою, керамика үйірмелері жұмыс істейтін қолөнер үйі кіреді. «Огонёк» әлеуметтік баспанасы төтенше жағдайға тап болған балалар үшін жұмыс істейді.

Көрікті орындары Климовичидің көрікті жеріне қаладағы ең көне ғибадатхана — Архангел Михаил шіркеуі. Ғимарат 1867 жылы салынған және кейінгі классицизмнің сәулет ескерткіші болып табылады. Сол сияқты жер иесі К.К.Каминский негізін қалаған 1858 жылғы сыра зауытын және 1880 жылғы түрмені (қазір аудандық газеттің редакциясы орналасқан) көруге болады.

Қалалық саябақта обелиск мен тұғырда тұрған ұшақ бар, бұл Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіш. Осы саябақта интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш бар. 1872 жылы ашылған қалалық саябақ әлі күнге дейін қала тұрғындары мен қонақтары демалатын және серуендейтін танымал орын болып табылады. Мұнда «Даңқ аллеясын» және жыл сайынғы «Алтын ара» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалін өткізетін амфитеатрды тамашалауға болады.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Могилёв облысы қалалары