Анатолий Семенович Еременко (17 қыркүйек 1931, Түрген ауылы, Түрген ауылдық округі, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 3 наурыз 2018, Семей) — кеңестік және қазақстандық мал шаруашылығы маманы әрі қоғам қайраткері. Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2010).

Өмірбаяны 1931 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында дүниеге келген.

1949 жылы Алматы мемлекеттік зооветеринариялық институтқа «ғалым-зоотехник» мамандығы бойынша оқуға түсті. Институтты бітіргеннен кейін (бұрынғы Павлодар облысының) Бесқарағай ауданындағы Бірінші Май машина-трактор станциясына қарасты Семеновка ауылында бас зоотехник қызметін атқарды.

28 жасында КОКП қатарына өтті. Кейін Аягөз аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Аягөздегі қызметінен кейін Бородулиха аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болды.

1979 жылдың желтоқсанынан 1992 жылдың ақпанына дейін Қазақстанның Семей облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы болды.

1995 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

1996 жылы Семей облыстық соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы әрі Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

1997 жылдан бастап облыстық соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлері кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болды.

2018 жылдың 3 наурызында қайтыс болды. Семей қаласындағы жаңа христиан зиратына жерленді.

Марапаттары 1955 жылы тың игерудегі еңбегі үшін алғашқы марапаты — «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Қазан төңкерісі ордені (КСРО). Еңбек Қызыл Ту ордені (КСРО). «Құрмет Белгісі» ордені (КСРО). Халықтар Достығы ордені (КСРО). «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» мерейтойлық медалі. «Еңбек ардагері» медалі және КСРО-ның басқа да медалдары. II дәрежелі «Достық» ордені (Қазақстан, 2001). «Парасат» ордені (2011). Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015). Семей қаласының (1999 жылы 20 қазанда), сондай-ақ Бородулиха және Бесқарағай аудандарының Құрметті азаматы атағы берілді. 2010 жылы мемлекеттегі интернационализм мен төзімділікті нығайту жолындағы зор еңбегі үшін «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және екі рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Әдебиет Еременко А. Ардагерлер ұйымына – 10 жыл // Семей таңы. – 1997. – 28 қаңтар. Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 226-227 б. Бейсембаев Д. Он суров, но справедлив // Спектр. — 2015. — 10 июня. — Б. 2 Гуляева Е. Там, где живет песня, нет места вражде // Спектр. — 2010. — 17 марта. — Б. 8 Еременко Анатолий Семенович // Кашляк В.Н. Семипалатинск: от бургомистра до акима. — Семей, 2007. — Б. 171-172 Касенов Ж. Пример для подрастающего поколения // Вести Семей. — 2015. — 9 июня. — Б. 2 Купцова, В. Из племени могикан // Арна. — 2009. — 15 января. — Б. 5 Купцова В. Судьба и Родина — едины // Спектр. — 2011. — 14 сентября. — Б. 16 Левина Ф. Всегда в строю // Вести Семей. — 2011. — 16 сентября. — Б. 2 Новоселам — ключи, актрисе — грамоту // 7 дней. — 2010. — 7 января. — Б. 2 Нуруллин Э. Сохранить все самое дорогое // Вести Семей. — 2010. — 22 апреля. — Б.2 Поздравляем! // Спектр.- 2010. — 6 января. — Б. 1 Палу Д. Наша сила — в единстве: ассамблее народа Казахстана — 15 лет // Вести Семей. — 2010. — 18 марта. — Б. 3 Пигаваев В. Анатолий Еременко: «Моя душа спокойна — сделал все, что мог…» // Спектр. — 2015. — 17 июня. — С. 14; Спектр. — 2015. — 10 июня. — Б. 14 Поздравляем! // Спектр. — 2010. — 6 января. — Б. 1 Рысакова Ш. Во славу страны, на благо людей // Вести Семей. — 2012. — 20 ноября. — Б. 1 Рысакова Ш. Трудовой и жизненный опыт // Вести Семей. — 2015. — 29 мая. — Б. 2

Сілтеме Анатолий Семенович Еременко. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы.

Санат:Еңбекшіқазақ ауданында туғандар Санат:Алматы зооветеринарлық институтының түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар Санат:Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматтары Санат:Семей облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXVI съезінің делегаттары Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары Санат:КОКП XIX конференциясы делегаттары Санат:Семейдің құрметті азаматтары Санат:Семейде жерленгендер