Құмды шөлдер — құрғақ климат жағдайында қатты тау жыныстарының үгінді қалдықтары мен ертедегі аллювиаллы шөгінділер құмдарының жел әсерінен кең алапта жиналуынан пайда болады. Құмды шөлдердің алып жатқан ауданы өте үлкен болады. Жалғыз Сахара шөлінде, шамамен алғанда, құмдардың алып жатқан ауданы 900 мың км² жуық, Орталық Азияда — 1,5 млн км², ал Орта Азияда — 150 мың км² шамасындай. Бұлардан басқа құмды шөлдер Аравияда, Сирияда, Белуджистанда, Үндістанда, Иранда кездеседі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия

ceb:Déserts hy:Անապատ (աշխարհագրական) nah:Huaccaixtlahuatl ro:Deşert vi:Sa mạc zh:沙漠