Asia (айтылуы: Эйша немесе Эйжа) — британдық прог-рок тобы. Ол 1981 жылы Yes, King Crimson, Emerson, Lake and Palmer және The Buggles топтарының бұрынғы мүшелерінен құралған супертоп.

Топ тарихы Британдық бас-гитарист және вокалист Джон Уэттон белгілі ұжымдардың (King Crimson, Roxy Music, Uriah Heep, UK және Wishbone Ash) құрамында болып үлгерді, сондай-ақ 1980 жылы өзінің «Caught in the Crossfire» атты жеке альбомын жазды. Бірақ Джон өзіне бір топтан екінші топқа ауысып жүру емес, неғұрлым байсалды әрі тұрақты нәрсе керек екенін сезді. Осы уақытта ол Atlantic Records дыбыс жазу фирмасының жергілікті өкілдігіндегі менеджерлердің бірі Джон Дэвид Калоднермен танысты, ол музыкантқа өз тобын құруға кеңес берді.

Уэттон өз тобына клавишші Джефф Даунсты шақырды: «Маған Джеффтің жаңа мектептің клавишшісі болғаны қатты ұнады, — дейді Джон Уэттон. — Ол мен бұрын бірге ойнаған музыканттарға қарағанда әлдеқайда аз виртуоз болды, бірақ өз аспаптарының дыбысын жасауға өте мұқият қарады және музыкалық компьютерлік технологиялардың барлық жаңалықтарынан хабардар еді»., сондай-ақ «Yes» тобының экс-гитарисі Стив Хауды шақырды, ол «Asia» жаңа жобасына барабаншы Карл Палмерді (Emerson, Lake and Palmer) бірден дерлік тартты.

Топтың 1982 жылы шыққан «Asia» дебюттік альбомы бірден чарттардың шыңына көтеріліп, АҚШ-та мультиплатиналық деңгейге жетті, әлем бойынша 10 миллионнан астам данамен сатылды және америкалық Billboard хит-парадында үш айдан астам уақыт бойы бірінші орында тұрды. «Heat of the Moment» әні басты хитке айналды.

Альбомды қолдау мақсатында топ әлемдік турнеге аттанды. Күйтабақтар мен концерт билеттерін сатудан түскен табыс соншалықты қомақты болды, тіпті «Asia» тобына Ұлыбританиядағы табыстың 90 пайызын құрайтын салықтарды төлеуден жалтару үшін біраз уақытқа елден кетуге тура келді.

Музыкалық журналистер «Asia» тобы 70-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың басындағы атақты «Uriah Heep» ұжымының ықтимал эволюциясын бейнеледі деп мәлімдеді. 1983 жылдың тамызында жарық көрген «Alpha» атты екінші альбом он бір апта бойы британдық чарттардың үздік бестігінен (Top-5) түспей, дебюттік дискінің жетістігін қайталады: тек АҚШ-тың өзінде оның таралымы шамамен үш миллион дананы құрады. Сол жылдың желтоқсан айында әлемдік турне аясында Токиода «Asia in Asia» деп аталған ғаламат концерт өтті, ол MTV арнасы мен бүкіл әлем бойынша үш жүз радиостанция арқылы трансляцияланды.

нобай|2005 жылы Уэттон мен Даунс 1990 жылы топ Англия, Германия, Жапония және Бразилия қалалары бойынша ауқымды турнеге аттанды.

2008 жылы топ қайта біріккеннен кейінгі алғашқы күйтабақ — «Phoenix» альбомы жарық көрді. «Phoenix» музыка сыншыларының таңданысына ие болып, Billboard интернет-чарттарының үздік ондығына (Top-10) енді.

«Phoenix» альбомын қолдау мақсатында әлемдік турне ұйымдастырылды.

2026 жылдың 6 шілдесінде топ «Indigo» атты жаңа альбомын анонстап, «The Traveller (Into The Light)» синглін шығарды. Альбомның жарық көруі 2026 жылдың 6 қарашасына жоспарланған.

Музыканттары

Қазіргі құрам Джеффри Даунс — клавиштік аспаптар, бэк-вокал (1981—1986, 1990—бүгінгі күн) Карл Палмер — соқпалы аспаптар, перкуссия (1981—1986, 1989—1992, 2006—бүгінгі күн) Билли Шервуд — бас-гитара (2017—бүгінгі күн), бэк-вокал (2019—бүгінгі күн), жетекші вокал (2017—2019), гитара (қонақ ретінде: 2004) Марк Бонилла — жетекші вокал, гитара (2022—қазіргі уақыт)

Бұрынғы қатысушылар

Джон Уэттон — вокал, бас-гитара, гитара (1981—1983, 1984—1986, 1989—1991, 2006—2017; 2017 жылы қайтыс болды) Стив Хау — гитара, мандолина, бэк-вокал (1981—1984, 1991—1993, 2006—2013) Грег Лейк — вокал, бас-гитара (1983—1984; 2016 жылы қайтыс болды) Менди Мейер — гитара, бэк-вокал (1984—1986) Джон Янг — клавиштік аспаптар, бэк-вокал (1989) Зои Николас — бэк-вокал (1989) Сьюзи Уэбб — бэк-вокал (1989) Алан Дарби — гитара, бэк-вокал (1989) Холдер Лариш — гитара, бэк-вокал (1989) Пэт Тролл — гитара, бэк-вокал (1990—1991) Джон Пейн — вокал, бас-гитара (1991—2006) Эл Питрелли — гитара, бэк-вокал (1991—1992, 1993—1994)

Тревор Торнтон — соқпалы аспаптар (1992—1994) Винни Бёрнс — гитара, бэк-вокал (1992—1993) Азис Ибрахим — гитара, бэк-вокал (1994—1998) Майкл Стёргис — соқпалы аспаптар (1994—1997, 1998—1999) Эллиотт Рэндалл — гитара, бэк-вокал (1996) Боб Ричардс — соқпалы аспаптар (1997—1998) Ян Криштон — гитара, бэк-вокал (1998—1999) Крис Слейд — соқпалы аспаптар (1999, 2000—2005) Гатри Гован — гитара, бэк-вокал (2000—2006) Джей Шеллен — соқпалы аспаптар (2005—2006)

Asia Featuring John Payne тобының құрам Джон Пейн — вокал, бас-гитара (2007—бүгінгі күн) Джефф Коллман — гитара, бэк-вокал (2012—бүгінгі күн) Мони Скария — гитара, бэк-вокал (2012—бүгінгі күн) Рё Окумото — клавиштік аспаптар (2014—бүгінгі күн) Бұрынғы қатысушылар Джей Шеллен — соқпалы аспаптар, перкуссия (2007—2016) Гатри Гован — гитара, бэк-вокал (2007—2009) Эрик Норландер — клавиштік аспаптар (2007—2014) Митч Перри — гитара, мандолина, бэк-вокал (2009—2011) Брюс Боуллет — гитара, бэк-вокал (2011—2012)

Дискографиясы

Студиялық альбомдар мен EP Asia (1982) Alpha (1983) Astra (1985) Then & Now (1990) Aqua (1992) Aria (1994) Arena (1996) Rare (1999) Aura (2001) Silent Nation (2004) Phoenix (2008) Omega (2010) XXX (2012) Gravitas (2014) Indigo (2026) — жоспарланған

Концерттік альбомдар Live in Moscow (1990) Live in Nottingham (1997) Live in Osaka (1997) Live in Koln (1997) Live in Philadellphia (1997) Live Acoustic (1999) Live at the Town & Country Club (2000) Live in Detroit (2000) Quadra (2002) America, Live in the USA (2003) Fantasia: Live in Tokyo (2007) Resonance: Live in Basel Switzerland 2010 (2012) Axis XXX: Live in San Francisco (2015)

Жинақтар Archiva 1 (1996) Archiva 2 (1996) Archives (1997) Asia: Anthology (1997) Collection (1998) The Very Best of Asia: Heat of the Moment (1982-1990) (2000) Retrospective (2002) Definitive Collection (2006)

Синглдер «Heat of the Moment» (1982) «Sole Survivor» (1982) «Wildest Dreams» (радио) (1982) «Only Time Will Tell» (1982) «Here Comes the Feeling» (радио) (1982) «Time Again» (радио) (1982) «Don’t Cry» (1983) «The Heat Goes On» (1983) «True Colours» (тек радио) (1983) «Daylight» (тек радио) (1983) «The Smile Has Left Your Eyes» (1983) «Go» (1985) «Too Late» (1986) «Wishing» (1986) «Days Like These» (1990) «Prayin' 4 a Miracle» (промо) (1990) «Who Will Stop the Rain?» (1992) «Lay Down Your Arms» (промо) (1992) «Heaven on Earth» (1992) «Little Rich Boy» (1992) «Crime of the Heart» (промо) (1992) «Love Under Fire» (промо) (1992) «Back in Town» (промо) (1992) «Anytime» (1994) «Summer» (промо) (1994) «Military Man» (промо) (1994) «Turn It Around» (1996) «Wherever You Are» (промо) (2000) «Estoy Listo Para Ir a Mi Casa» (2000) «Long Way from Home» (2004) «What About Love» (промо) (2004) «Face on the Bridge» (2012)

Сыртқы сілтемелер «Asia» тобының ресми сайты Джон Пейн бастаған «Asia» тобының ресми сайты Asia World Джеффри Даунстың ресми сайты Джон Уэттонның ресми сайты Карл Палмердің ресми сайты Стив Хаудың ресми сайты

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания рок-топтары Санат:Ұлыбритания прогрессивті рок топтары Санат:Неопрогрессивті рок топтары Санат:Супертоптар Санат:1981 жылы құрылған музыкалық ұжымдар Санат:Ұлыбритания хард-рок топтары Санат:Geffen Records лейблінің орындаушылары Санат:Frontiers Records лейблінің орындаушылары Санат:1989 жылы қайта біріккен музыкалық ұжымдар