thumb|right|200px|Аудиозапись - Фердинанд Бюхнер. Ноктюрн Ноктюрн ( – түнгі) – аспаптық музыкалық туынды.
Ноктюрн үрмелі және шекті аспаптар ансамбльдерінің орындауындағы көп бөлімді, ашық аспан астында шырқалатын шығарма ретінде таныла бастады (үлгілері: В.Моцарт, И.Гайдннің музыкалық туындыларында). Сондай-ақ вокалды серенадаға ұқсас, бір немесе бірнеше дауысқа арналған бір тармақты ноктюрн кездеседі (үлгілері: В.Моцарт, Дж.Верди, Дж.Россини шығармаларында). Операда ноктюрнді сахналық, түнгі эпизодтарды әсірелеу үшін пайдаланады. Ноктюрн жанрының негізін салушылардың бірі – Дж.Фильд оны лирикалық немесе элегиялық сипаттағы шағын, бір бөлімді, сазды фортепьяноға арналған пьеса ретінде қалыптастырды. Ал Ф.Шопен фортепьяноға арнап жазған 21-пьесасында бұл жанрды байыта түсті. Сондай-ақ Клод Дебюсси, Макс Регер, Пауль Хиндемит, М.И. Глинка, А.П. Бородин, А.Н. Скрябин, т.б. композиторлар ноктюрннің дамуына өз үлестерін қосқан. І.Қожамияровтың рояльға арнап жазған ноктюрні бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Классикалық музыка жанрлары