«Одессаны қорғағаны үшін» медалі () — 1942 жылы 22 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен тағайындалды . Медал суретінің авторы — суретші Н. И. Москалев.
Медал жайлы ереже «Одесса қорғанысы үшін» медалімен Одесса қорғанысына қатысушылардың барлығы — Қызыл Әскердің, Әскери-Теңіз Флотының және ІІХК әскерлерінің әскери қызметкерлері, сондай-ақ қорғанысқа тікелей қатысқан азаматтық тұрғындар наградталды. Одесса қорғанысының кезеңі 1941 жылғы 5 тамыз — 16 қазан деп есептеледі.
Медалді табыстау КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының атынан Одесса қорғанысына нақты қатысқанын куәландыратын, әскери бөлімдердің қолбасшылары, әскери-емдеу мекемелерінің басшылары, Одесса облыстық және қалалық еңбекшілер депутаттары Кеңестері берген құжаттардың негізінде жүргізілді.
«Ленинградты қорғағаны үшін», «Одессаны қорғағаны үшін», «Ақиарды қорғағаны үшін» және «Сталинградты қорғағаны үшін» медалдері бесбұрышты тағанға тағу үшін тағайындалған алғашқы кеңестік марапаттар болды. Бастапқыда, оларды кеуденің оң жағына тағу көзделді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 19 маусымдағы «КСРО ордендері мен медалдеріне арналған таспалардың үлгілері мен сипаттамаларын және ордендерді, медалдерді, ордендік таспалар мен ерекшелік белгілерін тағу ережелерін бекіту туралы» Жарлығымен бұрын басқа пішіндегі тағандарға тағылған өзге де марапаттар үшін бесбұрышты таған енгізіліп, қалаларды қорғау үшін берілетін медалдерді кеуденің сол жағына, басқа марапаттармен бір қатарда тағу белгіленді.
Қайтыс болғаннан кейін марапаттау қарастырылмаған, бірақ кейіннен марапат тағайындалғанға дейін қаза тапқан қорғаныстың белсенді қатысушыларын марапаттау жағдайлары белгілі болды.
«Одессаны қорғағаны үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылады және КСРО-ның басқа медалдері болған жағдайда «Ленинградты қорғағаны үшін» медалінен кейін, ал «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалі тағайындалғаннан кейін соңғысының артынан орналасады.
1985 жылғы жағдай бойынша «Одессаны қорғағаны үшін» медалімен шамамен 30 500 адам марапатталған.
Кейінгі кезеңде фалеристер арасында ол «Оңтүстік бантик» деп аталатын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік марапаттардың бейресми жиынтығының алғашқы бөлігі болдыПустоваров А. Южный Бант. Британский подход в фалеристике СССР // Военно-исторический портал Military Крым. — Симферополь, 2010. — № 1. — С. 52—59..
Сипаттамасы thumb|right|200px|Таспаның 1-нұсқасы Медаль «Одессаны қорғағаны үшін» бастапқыда тот баспайтын болаттан жасалуы көзделді, бірақ 1943 жылғы 27 наурыздағы қаулымен материал жезге өзгертілді. Медалдің диаметрі 32 мм болатын дұрыс шеңбер пішіні бар.
Медалдің алдыңғы жағында теңіз жағалауы мен шамшырақтың сұлбасы аясында мылтықтарын дайын ұстаған қызыләскерші мен қызылфлотшының бейнелері орналасқан. Бейнелердің үстінде «КСРО» () деген жазу бар. Медалдің жоғарғы бөлігінде, шеңбер бойымен «ОДЕССАНЫ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН» () деген жазу жазылған. Жазудың басында және соңында кішкентай бесбұрышты жұлдызшалар бар. Медалдің төменгі бөлігінде бұтақтарының түбі бесбұрышты жұлдызшасы бар таспамен айқастырылған алқагүл бейнеленген. Медалдің алдыңғы жағы шығыңқы жиекпен ернеумен жиектелген.
Медалдің артқы жағында «БІЗДІҢ КЕҢЕСТІК ОТАНЫМЫЗ ҮШІН» () деген жазу жазылған. Жазудың үстінде орақ пен балға бейнеленген.
Медалдегі барлық жазулар мен бейнелер шығыңқы етіп жасалған.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм жібек қатқыл таспасымен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Бастапқыда, таспа көгілдір түсті, бір-бірінен 5 мм қашықтықта орналасқан ені 5 мм-ден екі көк жолақ болды. 1943 жылғы 19 маусымдағы Жарлықпен жаңа таспа белгіленді — ортасында ені 2 мм бойлық көгілдір жолағы бар зәйтүн түсті таспа болды.
Суреттеме
Дереккөздер
Санат:КСРО медалдары