Украина әкімшілік-аймақтық жүйесі нысандарының жіктеушісі (; ) — Украинаның бұрынғы стандартизация жүйесі. Жүйені 1997 жылғы 31 қазанда құрған болатын. Ол 1998 жылғы 1 қаңтарда күшке енді.

КОАТУУ Украинадағы техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесінде (қысқартылған атауы — ) DK 014-97 нөмірімен белгіленген.

Бұл жіктеуді Украина Мемлекеттік статистика комитетінің Статистика ғылыми-зерттеу институты жүргізді. DK 014-97 (КОАТУУ) жүйесін Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) жүйесіне енгізу және Украина үшін белгіленген ISO 3166-2:UA стандартына сәйкестендіру жоспарланған болатын.

2020 жылғы 17 шілдеде әкімшілік реформаға қатысты заңдардың қабылдануына байланысты КОАТУУ өзектілігін жоғалтып, қолданыстан шығарылды. Оның орнына Қауымдастықтар мен аумақтарды дамыту министрлігі КОАТУУ-ды алмастыратын жаңа жүйені — Әкімшілік-аумақтық бірліктер және аумақтық қауымдастықтар аумақтарының кодтауышын (КАТОТТГ) әзірледі. Бұл кодтауыш 2020 жылғы 26 қарашада бекітілді.

Дереккөздер

Санат:Украина әкімшілік бөлінісі Санат:Жіктеушілер Санат:Украинада 1998 жылы пайда болғандар Санат:Украина стандарттары