Адольф Отто Рейнхольд Уиндаус (; 25 желтоқсан 1876, Берлин — 9 маусым 1959, Гёттинген) — неміс биохимик және химик-органик. 1928 жылғы химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Өмірбаян Берлин және Фрайбург университеттерінде медицина және химия мамандықтары бойынша білім алған.
1895 жылы Уиндаус Берлин университетінде медицинаны оқи бастады. 1897 жылы медицина мамандығы бойынша түсу емтиханын тапсырғаннан кейін, Уиндаус Фрайбург университетінде оқуын жалғастырды. 1899 жылы оған Дигиталис жүрек улары туралы диссертация жазғаны үшін химия ғылымдарының докторы атағы берілді. 1901 жылы Берлинде бір жыл әскери қызметте болып, Фрайбургке оралды.
Жоғары оқу орындарында жұмыс істеді: 1903—1913 Фрайбург университеті, оқытушы, кейінірек доцент. 1913—1915 Инсбрук Леопольд және Франц университеті, профессор, 1915—1944 Геттинген университетінің профессоры және директоры.
Геттинген қалалық зиратында жерленген.
Негізгі жұмыстар 1901 жылдан бастап Уиндаус стеролдарды зерттеп келеді. Ол олардың құрылымын және ультракүлгін сәулеленудің әсерінен эргостериннен D витаминінің түзілуін ашты. Уиндаус гистаминді синтездеді, В1 витаминіндегі күкіртті ашты, рахитке қарсы агенттерді және колхициннің, жүрек гликозидтерінің, имидазолдың және басқа да табиғи биологиялық белсенді заттардың химиялық құрылымын зерттеді.
Марапаттар 1927 — Адольф фон Байердің естелік медалі 1928 — D витаминінің қасиеттері мен құрылымын зерттегені үшін химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Дереккөздер
Санат:Геттинген университеті оқытушылары Санат:Леополдина мүшелері Санат:Пруссия ғылым академиясының мүшелері Санат:Геттинген ғылым академиясының мүшелері Санат:Берлин университеті оқытушылары Санат:Германия биохимиктері Санат:Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері