«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 25 жыл» () — КСРО Қорғаныс министрлігінің 1970 жылғы 17 наурыздағы № 59 бұйрығымен белгіленген КСРО төсбелгісі.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 25 жылдығы» төсбелгісімен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына тікелей қатысушылардың барлығы, социалистік елдердің әскери қызметкерлері, сондай-ақ 1970 жылы 8 мамырда Жеңіс күнін тойлауға КСРО-ға келген бауырлас елдердің әскери делегация басшылары марапатталды.

Тарихы Бастапқыда, белгі Жеңістің 25 жылдығына арналған медал ретінде ойластырылды. Нобайын әзірлеу суретші Александр Борисович Жукке тапсырылды. А. Б. Жуктың алғашқы нобайларының бірінде медал құлақша мен шығыршық арқылы ортасында қара және тоқсары түсті бойлық жолақтары бар жасыл түсті жібек қатқыл таспасымен тысталған бесбұрышты тағанға жалғануы тиіс болды.

Кейін көптеген қарсылықтар туындады, өйткені медалді жасау қомақты қаржыны талап етті және шығындарды ешкім өз мойнына алғысы келмеді. КСРО Қорғаныс министрлігі шығындарды есептей келе, арзанырақ жеңіл металдан жасалған белгімен шектелуді ұйғарды.

Белгінің куәлік бланкісінде: «Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен батылдығы үшін» деп жазылған.

Бұл белгі соғыс ардагерлері арасында өте танымал болды. Кейін оны «Соғыс ардагері» белгісі деп атай бастады.

Сипаттамасы thumb|left|300px|Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 30 жылдығын мерекелеу кезінде Мәскеудегі Үлкен театрдың кіреберісінде, 1975 жыл 9 мамыр. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 25 жылдығы» белгілері көрініп тұр. Қырлы сәулелері бар бесбұрышты жұлдызша. Белгінің ортасында жауынгердің бейнесі орналасқан. Сол қолында — ол ППШ-41 ұстап тұр, оң қолында — солға қарай желбіреген қызыл ту бекітілген сапты ұстап тұр. Тудың шетінде қызыл жұлдыздың және оның астында орақ пен балғаның бейнесі суреттелген. Оңға, батысқа қарай бұрылған кеңестік жауынгер оң аяғымен фашистік Германияның қара қыранын басып тұр. Саптың оң жағында екі жолға «1945—1970» деген жылдар жазылған. Белгінің төменгі бөлігіндегі қызыл таспада: «1941—1945 жж. соғыстағы Жеңіске 25 жыл» деген жазу бар.

Құлақша мен шығыршық арқылы белгі жеті қырлы қалқаншаға бекітіледі. Қалқаншада Гвардиялық таспа бейнеленген, оның үстіне қиғашынан лавр бұтағы салынған.

Өлшемі 64×37 мм.

Қалқаншадағы түйреуіш арқылы бекітіледі.

Жасалу нұсқалары Белгі екі түрлі үлгіде: «ыстық» эмаль қолданылған ауыр металдан және «суық» эмаль мен бояу қолданылған жеңіл қорытпадан жасалды. Екі үлгіде де жабын тотықтыру арқылы жағылған. Марапаттың алтын түсті және күміс түсті нұсқалары кездеседі; томпактан және алюминийден жасалған.

Марапаттың көптеп табысталуына байланысты белгі тек Мәскеудегі «Победа» зауытында ғана емес, Ленинградта және басқа да қалаларда жасалды.

Белгінің оннан астам түрі бар.

Тағу тәртібі Марапат кеуденің оң жағына, ордендерден төмен және басқа белгілерден жоғары тағылады.

Кеуденің оң жағында «1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің таспасы бар ордендік планканы оқу орнын бітіргені үшін берілген белгіден 1 см жоғары тағуға рұқсат етіледі.

Іс жүзінде сары аяда қиғаш Гвардиялық таспасы бар планка өзге марапаттардың планкаларынан төмен тағылды.

Тағы қараңыз «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» мерейтойлық медалі «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске отыз жыл» мерейтойлық медалі «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қырық жыл» мерейтойлық медалі

Дереккөздер

Санат:КСРО төсбелгілері