Ö3 Austria Top 40 — Аустрияның ресми синглдер чарты, сондай-ақ оны таныстыратын, Hitradio Ö3 радиостанциясында дүйсенбі күндері эфирге шығатын радиошоу. Шоуда Аустрияның синглдер, рингтон және жүктеулер чарттары ұсынылады. Ол алғаш рет 1968 жылы 26 қарашада «Disc Parade» деген атпен шығып, оны Эрнст Гриссеманн жүргізді.

Апта сайынғы бірінші орын иегерлерін Musikmarkt және GoTV жариялайды.

1968 бен 2007 жылдар аралығында бұл хит-парад Disc Parade, Die Großen 10 von Ö3, Pop Shop, Hit wähl mit, Die Großen 10, Ö3 Top-30 және Ö3 Austria Top 40 (2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін) деген атаулармен шықты.

austriancharts.at сайтындағы хит-парадтың онлайн-нұсқасы 75 орынды қамтиды, алайда ресми атауы болып Ö3 Austria Top 40 қала береді.

Чартта бірінші орынды иеленген алғашқы сингл Клифф Ричардтың «Das ist die Frage aller Fragen» әні болды. Чаррт деректері бойынша ең табысты сингл — Элтон Джонның «Candle in the Wind 1997» әні.

Сыртқы сілтемелер Official Austrian singles chart Ö3 Austria Top 75 чарттар архиві

Санат:Аустрия музыкалық чарттары