Ершова Нина Андреевна (1948) — ақын, Ресей Жазушылар одағының мүшесі.

Өмірбаяны

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Предгорное орта мектебін, одан кейін Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін (қазіргі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) тәмамдаған. Білім алғаннан кейін туған мектебіне оралып, мұғалім, директордың орынбасары, сондай-ақ 30 жыл бойы мектеп директоры қызметтерін атқарған. КСРО ағарту ісінің үздігі. Оның қызметінде халық мәдениетін сақтау және насихаттау маңызды орын алады. Ол 35 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан «Товарки» халықтық фольклорлық мұғалімдер ансамблін құрып, оған жетекшілік етеді. Ұжым Қазақстанның, Ресейдің және алыс шетелдердің аудандық, облыстық және республикалық фестивальдерінің дипломанты әрі лауреаты атанған. Ансамбль жұмысы аясында 150-ден астам казак және шаруа әндері жиналып, жазылып алынып, орындалған. 2021 жылы «Русская традиционная культура Восточного Казахстана. Песня» атты кітабы жарық көрді. Әдеби шығармашылықпен көп жылдан бері айналысады. Халықаралық «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің ұжымдық жинақтарында, қазіргі заманғы поэзияның «Вдохновение» («Тысяча и одна строка», 1-кітап) және «Связующее слово» (1–2 кітаптар) жинақтарында, сондай-ақ «Простор» журналында шығармалары жарияланған. Проза мен поэзия жанрларында тоғыз кітаптың авторы. Ресей Жазушылар одағының, Шығыс Қазақстан облысының «Звено Алтая» қоғамдық әдеби бірлестігінің мүшесі, сондай-ақ «Алтай изумрудный» журналының («Өнер» бөлімі) редакциялық алқасының мүшесі. Предгорное ауылында (бұрынғы Красноярская казак станицасы), Ертіс өзенінің жағасында тұрады. Шығармашылығының негізгі тақырыптары — Кенді Алтайдың табиғаты, мектеп, балалар, туған өлке, сондай-ақ адам сезімі мен махаббатқа арналған лирикалық туындылар.

Шығармалары Ершова, Нина. Русская традиционная культура Восточного Казахстана. Песня / Н. Ершова. - Усть-Каменогорск : Арго, 2021. - 200 с. Ершова, Нина. Песня : избранное / Н. Ершова. - Усть-Каменогорск : ВКПК Арго, 2023. - 324 с.

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары Алтай изумрудный : независимый литературно-художественный журнал. №4 / ред. Г. Пуссеп. - Усть-Каменогорск : ТОО Восточно-Казахстанская полиграфическая организация, 2024. - 162 с. - [опубликованы стихотворения Н. А. Ершовой] Ершова Н. Наши в Болгарии : [о «Товарках»] / Н. Ершова // Огни Прииртышья. - 2013. - 21 июня. - С. 6. Ершова Н. «От сентября до мая» : [стихотворения] / Н. Ершова // Огни Прииртышья. - 2015. - 24 февраля. - С. 7. Ершова Н. Традиции зимних праздников : [о «Товарках»] / Н. Ершова // Огни Прииртышья. - 2016. - 15 января. - С. 10. Ершова Н. Юбилей казачьей станицы : [о «Товарках»] / Н. Ершова // Огни Прииртышья. - 2016. - 5 августа. - С.9 Ершова, Нина. Духовный караван всегда в пути : [о «Товарках»] / Н. Ершова // 7 дней. - 2016. - 15 декабря. - N 50. - С. 4 : фот. Ершова, Нина. Ему знаком язык зверей и птиц : [о «Товарках»] / Н. Ершова // 7 дней. - 2017. - 6 апреля. - N 14. - С. 3 : портр. Ершова Н. Традиции Великого праздника : [о «Товарках»] / Н. Ершова // Огни Прииртышья. - 2018. - С. 14.