Оралбек Маханбетұлы — Ұлы Отан соғысының ардагері, аға сержант, Украинаны азат етушілердің бірі.

Өмірбаяны Бұрыңғы Семей облысы, Абай ауданында 1925 жылы 9 мамырда қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1943 жылы наурызда небәрі 18 жастағы балаң жігіт әскер қатарына шақырылады. Самарқан қаласында кіші командирлер даярлайтын 6 айлық курсқа қабылданып 3 айда аяқтап аға сержант атағын алып 1943 жылы соғысқа аттанады. І Украина майданы 3 гвардиялық армияның 81 дивизиясының 410 полкінде соғысып Украина жерін азат етуге қатысады. Ұлы Жеңісті Чеославакия жерінде Прагада 1945 жылы 9 мамырда қарсы алады. Соғыста бір рет ауыр жараланады, сұрапыл соғыстан қалған ескерткіш снаряд жарықшағы өмірінің соңына дейін денесінде серік болды.

Соғыстағы ерлігі үшін Украйнаны Чехославакияны азат еткені үшін, «Ерлігі үшін» медальдарымен ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 60 жылдығы, Астананың 10 жылдығы «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.

Жеңістен кейін Австрияның Баден қаласында атты әскер полкында 1949 жылға дейін өзінің әскери борышын өтеді. 1949 жылы елге қайтып бейбіт еңбекке араласты. Жеті бала тәрбиелеп, 17 немер, 4 шөбере сүйген бақытты қария. 2017 жылы өмірден озды.

Дереккөздер

Елі–ерлерін ұмытпайды. Ұлы Отан соғысына қатысқан Абайлықтар туралы естелік кітап. Құрастырушылар: Ж.Жүнісжанұлы, Ә.Мырзақым. –Семей, 2015. –336 бет.

Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары