Ирина Владимировна Логинова (1962) — биолог, эколог, натуралист, жазушы, табиғатты қорғау саласының қайраткері.

Өмірбаяны мен шығармашылығы 1962 жылы 5 желтоқсанда Өскемен қаласында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдерін жеті жасында жаза бастаған. Табиғатқа деген сүйіспеншілігі оны жас натуралистер станциясына жетеледі, сол жерде жануарлар әлемін зерттеуге деген қызығушылығы арта түседі. Туған өлкесін зерттеуге арналған жас натуралистер мен ғылыми экспедицияларға қатысты. Табиғат туралы алғашқы «Тише, птицы на гнёздах» атты очеркі 15 жасында «Рудный Алтай» газетінде жарық көрді. Мектеп жылдарында облыстық телестудияда табиғатқа арналған «Берёзка» бағдарламасының жүргізушісі болды.

Томск мемлекеттік университетінде биология мамандығы бойынша жоғары білім алған. Оқу орнын бітіргеннен кейін Алматы хайуанаттар бағы мен Қазақстан Ғылым академиясының Ботаникалық бағы мекемелерінде жұмыс істеп, Олег Владимирович Логиновпен бірге қар барысын зерттеу және бақылау жұмыстарына қатысты. «Животные в зоопарке» кітабын жазды. 2001 жылы оның «Растения Кыргызстана» атты кітабы жарық көрді.

1993 жылы Олег Логиновпен бірге қар барысын сүйетіндердің «Ирбис» клубын ұйымдастырды. Бұл клуб табиғатты қорғау, ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметтің негізіне айналды.

2009 жылы Олег Владимирович Логиновпен бірге Snow Leopard Fund қоғамдық қорын құрды. Қор аясында қар барысы мен Қазақстанның таулы аймақтарындағы жануарлар дүниесі туралы білімді кеңінен насихаттауға бағытталған жарияланымдарды, ағартушылық жобаларды, білім беру бағдарламаларын және түрлі іс-шараларды әзірлеуге қатысты.

И. В. Логинова – қар барысы, табиғат аңыздары және Қазақстанның таулы өңірлерінің тірі табиғаты туралы бірқатар жарияланымдардың, кітаптардың және фотоальбомдардың авторы әрі тең авторы. Оның еңбектері орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрген. Ол 2011 жылы шыққан ағылшын тіліндегі «IRBIS – The Snow Leopard» кітабының, сондай-ақ табиғатты қорғаудағы мәдени көзқарасты көрсететін және осы басылымға енгізілген «Spirits of the Sacred Mountain» ертегісінің тең авторы болып табылады.

Оның қатысуымен «Ирбис – снежный барс», «Животный мир гор Казахстана», «Мифы, легенды и сказки о снежном барсе», «Ирбис – символ Казахстана» атты фотоальбомдар мен кітаптар дайындалып, жарық көрді. Бұл еңбектер ғылыми, ағартушылық және білім беру орталарында кеңінен таралды.

Шығармалары Логинов, О. Барыс - Қазақстанның символы = Ирбис - символ Казахстана = Irbis-A symbol of Kazakhstan / О. Логинов, И. Логинова. - Өскемен : [б. и.], 2022. - 104 б Логинов, О. Снежный барс. Символ небесных гор : книга о живом символе нескольких суверенных государств, республик и городов / О. Логинов, И. Логинова. - Усть-Каменогорск, 2009. - 167 с. Логинов, О. Ирбис - Снежный Барс : фотоальбом / О. Логинов. - Усть-Каменогорск, 2013. - 328 с. Логинов, О. В. Животный мир гор Казахстана : фотоальбом / О. В. Логинов, И. В. Логинова. - Усть-Каменогорск, 2022. - 106 с. Логинов, О. В. Мифы, легенды и сказки о снежном барсе : сказания / О. В. Логинов, И. В. Логинова. - Усть-Каменогорск, 2022. - 70 с. Логинов, О. Ирбис - символ Казахстана / О. Логинов, И. Логинова. - Усть-Каменогорск, 2022. - 104 б. Логинов, О. Ирбис - Снежный Барс : фотоальбом / О. Логинов, И. Логинова. - 150 с. Логинов, О. Ирбис - Снежный Барс : фотоальбом / О. Логинов, И. Логинова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], Б. г. - 150 с.