Ескерткіш |атауы = «Алаш Орда. Тәуелсіздік күрескерлері Алаш арыстарына тағзым» монументі |тұпнұсқа атауы = |сурет = Monument_Alash Оrda_Tuzdybastau.jpg |сурет ені = 250px |сурет сипаттамасы = Монументтің жалпы көрінісі |ел = Қазақстан |орналасуы = Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы |координаттары = 43.3197/77.0600 |сәулетшісі = Нүкен Бейсенғазы Сәдуұлы |салынған жылы = 2020 жыл |ашылуы = 12 желтоқсан 2020 жыл |биіктігі = 7 м |материалы =

«Алаш Орда. Тәуелсіздік күрескерлері Алаш арыстарына тағзым» монументі — Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында орналасқан, Алаш қозғалысы қайраткерлері мен егемендік жолында курбан болған тұлғаларға арналған мемориалдық ескерткішАлаш арыстарына ескерткіш ашылды. Қазақ үні газеті, 12 желтоқсан 2020 ж..

Тарихы Монумент 2020 жылдың 12 желтоқсанында, 1917 жылғы Алашорда үкіметінің құрылған күніне орай және Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылдыАрыстарға тағзым: Алматы облысында Алаш қайраткерлеріне арналған тұңғыш монумент ашылды. Almaty TV, 2020 ж..

Нысан бұрынғы кеңестік идеология қайраткері М. И. Калининнің ескерткіші тұрған орынға салынды. Ескерткішті ауыстыру және отарсыздану бастамасын «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы көтеріп, нақты жұмыстар 2015 жылы басталғанАлашорда ескерткішінің ашылуы. Қазақ таймс, 2020 ж.. Жобаның жүзеге асуына «Ақ жол» демократиялық партиясы, Талғар ауданының әкімдігі және жергілікті тұрғындар қолдау білдірді.

Сипаттамасы мен символикасы Монументтің авторы — Нүкен Бейсенғазы Сәдуұлы. Нысанның биіктігі — 7 метр, ал диаметрі — 4 метрге жуық. Үш қанат: Ескерткіштің негізін құрайтын жоғары қарай ұмтылған үш тірек (қанат) қазақтың үш жүзінің бірлігін, халықтың тұтастығын бейнелейді. Шаңырақ: Ескерткіштің төбесіндегі шаңырақ ортақ отанды, үш жүз өкілдерінің бір мемлекет пен бір ту астына бірігуін бейнелейді.

Орналасқан жері Монумент Тұздыбастау ауылының орталығында, Алматы — Талғар тас жолының (Талғар трактысы) бойында, Мәдениет үйінің маңындағы саябақта орналасқан. Географиялық координаттары: 43.3197° с. е., 77.0600° ш. б.

Дереккөздер

Санат:Алматы облысындағы ескерткіштер Санат:Алаш қозғалысы Санат:Талғар ауданы