Бекіл Әлин — Ұлы Отан соғысының ардагері. 1910 жылы қаңтар айының 15-жұлдызында Абай ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Ол ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, екңбекке араласып, колхозда әр түрлі жұмыстар істейді. 1940 жылы әскерге алынады. 1941 жылы шілденің 22 күні Ұлы Отан соғысы басталғанда әскери міндетін өтеп жүрген Бекіл сол жерден соғысқа аттанады. Ол Ұлы Отан соғысының алғашқы айларындағы неміс әскерлерінің жойқын шабуылдарына қарсы бірінші Украина майданында жауға қарсы бірінші Украина майданында жауға қарсы табандылықпен соғысады. Украина жеріндегі бірнеше қалалар мен елді мекендерді қорғауға қатысады. Одесса, Севостополь қалалары үшін болған ірі шайқастарда өзге де қазақстандық жауынгерлер мен бірге ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін, 1945 жылы туған ауылы Көкбайға қайтып оралған Бекіл қайтыс болғанға дейін мал бағып, шопан болады. Өзінің адал еңбегі мен қарапайым мінезімен ел құрметіне бөленеді. Ұлы Отан соғысына қатысып, жауға қарсы шайқасқан ерлігі үшін және ұзақ жыл туған ауылында шопан болғаны үшін “Ұлы Отан соғысы” орденімен және “Украинаны азат еткені үшін”, “КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл”, “Ұлы Жеңіске 40, 50 жыл” сияқты көптеген медальдармен марапатталған. Дереккөздер

Елі—ерлерін ұмытпайды. Ұлы Отан соғысына қатысқан Абайлықтар туралы естелік кітап. Құрастырушылар: Ж.Жүнісжанұлы, Ә.Мырзақым. —Семей, 2015. —336 бет.