2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери оқу-жаттығу кезінде 17 адам суға кетті. Оқиға себебінен 14 қазақстандық әскери қызметші қайтыс болды. 25 қыркүйек осылайша жаплыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. 27 қыркүйекте Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
Алғышарттары 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Әскери-теңіз күштері «Хазар қорғаны-2026» әскери оқу-жаттығуының басталғанын жариялады. Оған 500-ден астам әскери қатысты. Манёврлердің мақсаты қиын теңіз жағдайларында кемелер мен бөлімшелер экипаждарының жауынгерлік дайындығы мен кәсіби дағдыларын тексеру және жетілдіру болды.
Қазгидромет 23 қыркүйекте сағат 20:00-ден 24 қыркүйекте сағат 20:00-ге дейін дауыл болады деген ескерту жариялады, желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді деп хабарлады, бұл туралы тұрғындарға SMS хабарлама жіберілді.
Оқиға хронологиясы 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Каспий теңізі жағалауында жауынгерлік жаттығу кезінде ауа райы нашарлап, қатты жел мен дауыл соқты. Алдын ала мәліметтер бойынша, қатты жел мен толқынның салдарынан Ақтаудан оңтүстікке қарай 43 километр жердегі «O'mir» глэмпинг алаңының маңындағы ашық теңізде 19 әскери қызметші суға кетті.
Ақтау әскери-теңіз базасына оқиға туралы хабарлама Қазақстан уақыты бойынша шамамен сағат 11:20-да келіп түсті. Қорғаныс министрлігі оқиғаны және тоғыз адамның қазасын ресми түрде растады. Сондай-ақ, құтқару бөлімшелері үш әскери қызметшіні тез арада құтқарып, құтқарылғандардың бірі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарланды.
Іздеу барысында суға кеткен 19 әскери туралы алғашқы ақпарат 17 адамға нақтыланды.
Қазақстан уақыты бойынша сағат кешкі 21:00-ға дейін қаза тапқандар саны 12-ге жетті, ал тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатты. Қорғаныс министрлігі қаза тапқан, жараланған және хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің тізімін жариялады.
25 қыркүйек таңертең бұрын хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болған тағы екі сарбаздың денесі табылып, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
26 қыркүйекте қаза тапқан сарбаздарды жерлеу рәсімі өтті. Туыстары мен әріптестерінен басқа, жерлеу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы және қорғаныс министрі генерал-лейтенант Дәурен Қосанов қатысты.
Реакция Жергілікті реакция 25 қыркүйекте Қазақстан Құрылтайы қаза тапқан әскерилер отбасыларына 146 миллион теңге аударылатынын жариялады.
26 қыркүйекте президент Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссияны құрды.
Қаза болған 14 сарбаздар Айбын орденімен марпатталды: Айбын орденінің II дәрежелі наградасы қаза болған Олжас Мұхтарұлына, Айбын орденінің III дәрежелі наградасы қаза болған қалған 13 сарбазға берілді.
Халықаралық реакция Оқиға себебінен Ресей президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Қазақстан халқына және зардап шеккендердің жанұяларына көңіл айтты.
Кейін көңіл айтқан басқа мемлекет көшбасшылары қатарында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Сербия президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы ОК бас хатшысы То Лам, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан раисы Рүстем Миңнеханов болды.
Қаза болғандар тізімі Аты-жөніАтағы Туған күні аға лейтенант, офицер 9 қаңтар 2003 бөлімше командирі 18 ақпан 2006 матрос, гранатаатқыш 23 сәуір 2007 матрос, гранатаатқыш 23 қаңтар 2006 аға матрос, аға атқыш 11 ақпан 2007 матрос, пулеметші көмекшісі 8 мамыр 2005 бөлімше командирі 21 наурыз 2006 маман, көздеуші 19 қыркүйек 2006 матрос, гранатаатқыш көмекшісі 10 маусым 2007 аға матрос, аға атқыш 3 қыркүйек 2007 матрос, гранатаатқыш 15 қыркүйек 2006 бөлімше командирі 14 қаңтар 2005 сержант, бөлімше командирі 2 маусым 2007 матрос, атқыш 17 тамыз 2007
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әскери оқиғалары Санат:Қазақстан Әскери-теңіз күштері Санат:Маңғыстау облысы тарихы Санат:Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігі Санат:2026 жылғы апаттар Санат:2026 жылдағы Қазақстан Санат:2026 жылдағы Азия Санат:24 қыркүйек Санат:Каспий теңізіндегі оқиғалар