«Оғаш дүниелер 5» — америкалық ғылыми-фантастикалық драмалық «Оғаш дүниелер» телехикаясының бесінші әрі соңғы маусымы . Маусым Netflix стримингтік сервисінде 2025 жылы қараша-желтоқсан айларында жарық көрді. Маусымның продюсерлері Ағайынды Даффер, сондай-ақ Шон Леви, Дэн Коэн, Иэн Патерсон және Кертис Гуинн болды. Маусым сегіз бөлімнен тұрады.

Желісі 1987 жылдың күзінде Хоукинстің түкпір-түкпірінде жарықтар ашылғаннан кейін, кейіпкерлер Векнаны тауып, өлтіруге тырысып, «Төңкерілген әлемге» жорықтар жасайды. Алайда олардың миссиясы әскерилердің қалада карантин енгізіп, Обиді аңдуымен қиындай түседі. Уилл Байерстің жоғалып кеткеніне бір жыл толуға жақындайды, сондықтан топ жаңа әрі өлімге әкелетін қауіпке қарсы соңғы шайқас үшін бірігуге тиіс. Осы кезде Векна жаңа құрбан іздейді. Оның келесі құрбаны Майк пен Нэнси Уилердің кіші қарындасы Холли болады…

Актерлік құрамы Басты рөлдерде Вайнона Райдер — Джойс Байерс Дэвид Харбор — Джим Хоппер Милли Бобби Браун — Он бір / Джейн Хоппер Финн Вулфхард — Майк Уилер Макс Рэкенбер — балабақшадағы Майк Гейтен Матараццо — Дастин Хендерсон Калеб Маклафлин — Лукас Синклер Ноа Шнапп — Уилл Байерс Люк Кокотек — 12 жастағы Уилл Майлз Марталлер — Уилл балабақшада Сэди Синк — Макс Мэйфилд Наталия Дайер — Нэнси Уилер Чарли Хитон — Джонатан Байерс Грэм Харви — Джонатан балалық шағында Джо Кири — Стив Харрингтон Майя Хоук — Робин Бакли Бретт Гельман — Мюррей Бауман Приа Фергюсон — Эрика Синклер Линда Хэмилтон — доктор Кей Кара Буоно — Карен Уилер Джейми Кэмпбелл Бауэр — Генри Крил / Векна / Бір / Мистер Әлдене Рафаэль Люче — жасөспірім Генри Крил Максим Блатт — кішкентай Генри Крил Нелл Фишер — Холли Уилер

Сондай-ақ рөлдерде Шерман Огастес — подполковник Джек Салливан Эммануэль Борриа — сержант Луис Рамирес Алекс Бро — лейтенант Роберт Акерс Джо Крест — Тед Уилер Джейк Коннелли — Дерек Тëрнбоу Эмибет Макналти — Вики Данн Рэнди Хэвенс — Скотт Кларк Линнеа Бертелсен — Кали Прасад / Сегіз

Қайталанатын рөлдер Хоуп Хайнс Лав — Мисс Харрис Калиста Крэйг — Мэри Иден Стивенс — Дебби Миллер Джанлукка Гаццо — Гленн Карсон Минниар — Томас Берди Борриа — Ребекка Элис Эльна Льюис — Венди

Қонақ рөлдер Клейтон Ройал Джонсон — Энди Хантер Романильос — Чэнс Чантелл Д. Кристофер — Дорис Кэролайн Эль Абрамс — Тина Тëрнбоу Грэй Хоукс — мистер Тëрнбоу Келли Коллинз Линтц — миссис Тëрнбоу Эйден Армстронг — Дэнни Харрингтон Кайл Риггс — рядовой Чапмэн Колэуэй Коррик — Эшли Клайн Фредерик Колер — учёный Карен Сизей — Сью Синклер Кэти Кертин — Клаудия Хендерсон Арнелл Пауэлл — Чарльз Синклер Сидни Баллок — Стейси Тилли Моррис — Сара Хоппер

Бөлімдері Жалпы № Серияның № Атауы Режиссер Сценарист Экранға шыққан уақыты 2-бөлігі 3-бөлігі

Өндірісі Әзірленуі 2022 жылы 17 ақпанда Ағайынды Даффер «Оғаш дүниелер» телехикаясының төртінші маусымы екі бөлікке бөлініп шығатынын жариялады. Сонымен қатар олар телехикаяны бесінші маусымға ұзартуды және Netflix үшін спин-офф әзірлеуді жоспарлағандарын мәлімдеді. Дафферлер бастапқыда жобаны төртінші маусыммен аяқтауды жоспарлаған, алайда 2017 жылы бесінші маусым да болатынын хабарлады.

Дафферлер «Оғаш дүниелердің» соңғы, бесінші маусымын төртінші маусымның түсірілімдері басталмай тұрып-ақ жариялап, оның сценарийін жазып қойған. Кейін олар төртінші маусым шыққаннан кейін алынған пікірлерді ескере отырып, оқиғаны қайта өңдеді, тіпті телехикаяның финалын да өзгертті. Алғашқы төрт маусымның режиссерлерінің бірі Шон Леви бесінші маусымның кем дегенде бір бөлімін түсіретінін растады.

Сценарийі 2022 жылдың басында Ағайынды Даффер «Оғаш дүниелер» телехикаясының бесінші маусыммен аяқталатынын растады. Сол жылдың 6 қарашасында жаңа маусымның бірінші бөлімі «Бірінші тарау: Барлау» () деген атаумен шығатыны және оны Дафферлердің өздері жазып, режиссерлік ететіні белгілі болды. Ағайындылар бастапқыда екінші маусымға арнап ойластырылған, бірақ іске аспаған кейбір идеялар бесінші маусымда жүзеге асырылатынын атап өтті. Төртінші маусым туралы пікірлерді оқығаннан кейін олар телехикаяның финалын өзгертуді шешіп, көп ұзамай Netflix стримингтік сервисіне жобаның жаңа нұсқасын таныстырды. Дафферлер бастапқы сценарийдің басым бөлігін өзгертпегендерін атап өтті. 2023 жылы 6 мамырда Америка сценаристер гильдиясының ереуіліне байланысты маусымның сценарийімен жұмыс тоқтатылды. 27 қыркүйекте, ереуіл аяқталған күні, сценаристердің аккаунтында «Біз қайта оралдық» () деген жазуы бар жазба жарияланып, бесінші маусым бойынша жұмыстың қайта басталғанын білдірді. 2023 жылдың қазан айының ортасына қарай сценарийдің жартысынан көбі дайын болды. 10 желтоқсанда Дафферлер Оби, Дастин, Лукас және Хоппердің сюжеттік желілері толық жазылып біткенін хабарлады. Ноа Шнапптың айтуынша, маусым Уилл Байерстің оқиғасымен аяқталады.

Актерлер Алдыңғы маусымдардағы рөлдеріне Вайнона Райдер, Дэвид Харбор, Финн Вулфхард, Милли Бобби Браун, Гейтен Матараццо, Калеб Маклафлин, Ноа Шнапп, Сэди Синк, Наталия Дайер, Чарли Хитон, Джо Кири, Майя Хоук, Приа Фергюсон, Бретт Гельман, Кара Буоно және Джейми Кэмпбелл Бауэр қайта оралды. 2023 жылы маусымда актерлік құрамға Линда Хэмилтон қосылғаны белгілі болды. Хэмилтон Ағайынды Даффермен Zoom арқылы байланысып, кейіпкерінің «бейнесін» олармен талқылады. 2024 жылы қаңтарда өндіріс басталған кезде түсірілім тобы Вики рөліндегі Эмибет Макналти бейнеленген түсірілім алаңындағы фотосуретті жариялады. Бесінші маусымда Вики басты кейіпкерлердің біріне айналды. 2024 жылы шілдеде актерлік құрамға Нелл Фишер, Джейк Коннелли және Алекс Бро қосылды.

Түсірілімдері Түсірілім жұмыстары 2024 жылы 8 қаңтарда басталды. 2024 жылы наурызда Милли Бобби Браун маусымның алты бөлімінің сценарийімен танысып, түсірілім жұмыстарының тағы тоғыз айға созылатынын айтты. 27 маусымда «Podcrushed» подкастында Майя Хоук бесінші маусымның барлық бөлімдері «өте ұзақ» болатынын айтып, бүкіл маусым, оның сөзімен айтқанда, «сегіз фильмнен» тұратынын жеткізді. 3 шілдеде Росс Даффер өндіріс жұмыстарының жартысына жуығы аяқталғанын мәлімдеді. 2024 жылы 20 желтоқсанда түсірілім жұмыстары аяқталды.

Релиз Маусым үш бөлікке бөлініп шығарылды: төрт бөлімнен тұратын бірінші бөлік 2025 жылы 26 қарашада, үш бөлімнен тұратын екінші бөлік 25 желтоқсанда, ал финал 31 желтоқсанда жарық көрді.

Деректі фильм Телехикаяның түсірілу бары туралы «Соңғы шытырман оқиға: “Оғаш дүниелердің” 5-маусымын жасау» атты екі сағаттық деректі фильм Netflix платформасында 2026 жылы 12 қаңтарда жарық көрді.

Дереккөздер

Санат:Оғаш дүниелер телехикаясының маусымдары Санат:2025 жылғы АҚШ телемаусымдары