Ресейдегі 1917 жылғы революция (Ұлы орыс революциясы)Материалы Большой российской энциклопедии — 1917 жылы Ресейде орын алған революциялық оқиғаларға қатысты қалыптасқан атау; бұл оқиғалар Ақпан революциясы кезінде монархияның құлатылуымен (биліктің Уақытша үкіметке өтуімен) басталып, кейіннен Қазан революциясы барысында большевиктер мен олардың уақытша одақтастарының сол үкіметті құлатып кеңестер билігін жариялауымен жалғасты.

Ақпан төңкерісінің негізгі оқиғалары Петроградта өтті.Ресей армиясы мен әскери-теңіз флотының басшылығы — Жоғарғы Бас қолбасшының штаб бастығы мен майдан және флот қолбасшылары бастаған топ — Петроградты жайлаған толқулар мен ереуілдерді басуға қажетті күш-құралдарының жеткіліксіз екендігі туралы қорытындыға келді. Император ІІ Николай тақтан бас тартты. Оның інісі әрі тақ мұрагері — Ұлы кінәз Михаил Александрович те тақтан бас тартқаннан кейін, Мемлекеттік дума Ресейдің Уақытша үкіметін құрып, елдегі билікті өз қолына алды.Уақытша үкіметке қатарлас Кеңестердің құрылуымен қосөкіметтілік кезеңі басталды. Большевиктер жұмысшылардың қарулы жасақтарын (Қызыл гвардияны) құрды Орландо Файджес, Народная трагедия, стр. 370 және тартымды ұрандардың арқасында — ең алдымен Петроградта, Мәскеуде және ірі өнеркәсіптік қалаларда, сондай-ақ Балтық флоты мен Солтүстік және Батыс майдандарының әскерлері арасында — айтарлықтай танымалдыққа ие болды Балтық флоты.

Қазан төңкерісі кезінде Л.Д.Троцкий мен В.И.Лениннің басшылығымен большевиктер құрған Петроград әскери-революциялық комитеті Уақытша үкіметті құлатты. Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің Бүкілресейлік екінші съезінде большевиктер меньшевиктер мен оңшыл эсерлерге қарсы қатал күрес жүргізді және алғашқы Кеңес үкіметі құрылды. 1917 жылдың желтоқсанында большевиктер мен солшыл эсерлердің коалициялық үкіметі жасақталды. 1918 жылдың наурызында Германиямен Брест-Литовск келісіміне қол қойылды.

Дереккөздер

Санат:Төңкерістер Санат:1917 жыл