Маркиплаер (; шын аты — Марк Эдвард Фишбах (); 28 маусым 1989, Гонолулу, Гавайи, АҚШ) — америкалық видеоблогер, летсплейші, режиссер және актер. Осы аттас YouTube арнасының авторы. 2023 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша оның арнасында 35,7 миллион жазылушы және 20,6 миллиард қаралым бар.

Өмірбаяны Марк Фишбах 1989 жылғы 28 маусымда АҚШ-тың Гавайи штатындағы Гонолулу қаласында орналасқан Триплер армиясының медициналық орталығында дүниеге келген. Оның әкесі тегі корейлік болашақ жұбайымен кездескен кезде әскери қызметте болған. Марк дүниеге келгеннен кейін отбасы Цинциннатиге көшіп барды.

Марктың ата-анасы өзара жиі ұрысып қалатындықтан, оның анасы отбасынан кетуге шешім қабылдаған. Ол күйеуіне Марк пен оның үлкен ағасы Джейсонды тәрбиелеуге қалдырып кеткен (Джейсон — «TwoKinds» веб-комиксінің авторы Том Фишбах ретінде танымал).

Марктың әкесі қатерлі ісіктен қайтыс болды.

Марк Цинциннати университетінде биомедициналық инженерия мамандығы бойынша білім алды, бірақ көп ұзамай YouTube-тегі мансабы үшін оқуын тастап кетті.

Шығармашылық 2012 жылдың наурызында Марк YouTube-те аккаунт ашып, оны «Markiplier» деп атады, бірақ бұл арнадағы өзінің алғашқы видеосын Марк тек сол жылдың сәуір айының басында ғана жүктеді. Бұл арнадағы алғашқы бейнероликтер «Amnesia: The Dark Descent», «Penumbra» және «Dead Space» ойындарының летсплейлері болды. Алайда, YouTube Марктың AdSense аккаунтын бұғаттап тастағандықтан, ол апелляциялық өтініші қабылданбаған соң, «MarkiplierGAME» (қазір қайтадан «Markiplier» деп аталады) деген атаумен жаңа арна ашуға мәжбүр болды.

2014 жылы Марктың арнасы «New Media Rockstars» онлайн-журналының нұсқасы бойынша ең үздік 100 YouTube арнасы тізімінде 61-орынға тұрақтады. Сол жылы Фишбах өзінің арнасы үшін жаңа ресурстарға, мысалы, «YouTube Space» студиясына және басқа да ютуберлерге жақынырақ болу мақсатында Лос-Анджелеске көшіп барды.

2015 жылы Фишбах АҚШ-тағы жасөспірімдер арасындағы 20 ықпалды атақты тұлғаның тізіміне еніп, онда 6-орынға тұрақтады. Сол жылдан бастап Марк өзінің ютубер достары — 2012 жылы YouTube-те скетч-комедия және «Cyndago» музыкалық арнасын құрған Даниэл Кайр және Райан Мэджимен бірге тұрды. Олардың туындылары өзіндік ерекше аяқталу сәттерімен және қара әзілімен ерекшеленетін. 2015 жылы оларға «Kids W/ Problems» арнасынан Мэтт Уотсон қосылды. Алайда, топ Даниэлдің қайтыс болуына байланысты тарап кетті, содан кейін Марк 17 қыркүйектен 5 қазанға дейін өз арнасында «үзіліс» жариялауға шешім қабылдады. Осы «үзіліс» аяқталғаннан кейін, 15 қазанда Марктың арнасында оралу құрметіне «сыйлық» ретінде 10 миллион жазылушы белгісі пайда болды.

Сондай-ақ дәл сол 2015 жылы Фишбах «YouTube Rewind» жобасына қатысты, сонымен қатар «Корра туралы аңыз» мультсериалындағы Корраның дыбыстау актрисасы Джанет Варнимен бірге «South by Southwest Gaming Awards» шарасының қосымша жүргізушісі болды.South By Southwest Gaming Preview

Арна форматы Марк негізінен «Five Nights at Freddy's», «Amnesia: The Dark Descent», «Garry's Mod», «Happy Wheels», «Slender: The Eight Pages», «Surgeon Simulator 2013», «Minecraft» және басқа да көптеген ойындарды қамтитын «инди» мен «хоррор» жанрындағы летсплейлерімен кеңінен танымал. Фишбах PewDiePie, Jacksepticeye, Egoraptor, Lordminion777, muyskerm, LixianTV сияқты ютуберлермен тығыз жұмыс істейді және олармен бірлескен видеоларға қатысады. Сондай-ақ Марк әртүрлі ойындар ойнай отырып, қайырымдылық ұйымдарына қаражат жинау мақсатында тікелей стримдер өткізеді. Қазіргі уақытта Фишбах пен оның жазылушылары бірлесіп жалпы есеппен 3 000 000 доллардан астам қаражат жинады.

Фильмографиясы Жылдары Атауы Рөлі Дереккөздер 2013-2014 Table Flip Өзін-өзі ойнайды 3 эпизод 2015 Джимми Киммел тікелей эфирде Өзін-өзі ойнайды 1 эпизод 2015 Grumpcade Өзін-өзі ойнайды 20 эпизод 2015 Смош: Фильм Өзін-өзі ойнайды Фильм 2016 Scare PewDiePie Өзін-өзі ойнайды 1 эпизод 2016 Геймердің өмірдегі барлық нәрсеге арналған нұсқаулығы Өзін-өзі ойнайды 1 эпизод 2017 Villainous 5.0.5 Басты рөл

Сондай-ақ Марк кейінірек «Random Encounters» студиясының ұзақтығы 30 минуттық біртұтас фильмге біріктірілген «Five Nights at Freddy’s: The Musical» шағын сериалына түсіп, онда түнгі күзетшілердің бірінің рөлін сомдады. 2026 жылы Iron Lung бейне ойынының желісі бойынша «Темір өкпе» фильмі жарық көрді, бұл туындыда Марк режиссер ретінде бағын сынап, басты рөлді өзі ойнады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Гонолулуда дүниеге келгендер Санат:Летсплейшілер Санат:Бүркеншік есіммен танымал ютуберлер Санат:2012 жылы ашылған YouTube арналары