Ненец автономиялық округі (НАО; ; ), кейде Ненеция, — Ресей Федерациясының субъектісі, Архангельск облысының құрамындағы автономиялық округ. Ресей субъектілері қатарынан халқы ең азы.

Әкімшілік орталығы — Нарьян-Мар қаласы. Ауданы — 176 810 шаршы километр, 2025 жылғы санақ ақпаратынша халық саны — 41 906 адам. Ненеция — бір ғана ауданға бөлінетін жалғыз Ресей субъектісі.

Географиясы Округтің бейіні арктикалық сипатқа, төтенше температураларға ие. Бұл жерлерді ақ аюлар мекендейді, алайда олар Баренц теңізі жерін мекендейтін ақ аюлардан генетика тұрғысынан ерекшеленеді.C. Michael Hogan (2008) Polar Bear: Ursus maritimus, Globaltwitcher.com, ed. Nicklas Stromberg Округ ауданы — шамамен 177 000 шаршы километр.

Округтің құрамына бірнеше түбек кіреді; батыстан шығысқа атасақ: Канин түбегі, Святой Нос түбегі, Русский Заворот түбегі мен Югра түбегі. Округтің ең ірі екі аралы, Колгуев пен Вайгач, әлемдегі аралдар арасында аумағы бойынша 119 және 156-орындарда.

Әкімшілік бөлінісі Автономиялық округ тек бір ауданнан және (Заполярный ауданы) бір округтік маңызы бар қаладан (Нарьян-Мар) құралған. Аудан одан әрі сельсоветтерге бөлінген.ОКАТО: 11 100

Тарихы Ерте тарихы Ненецтер ұлты жайлы тұңғыш дерек XI ғасырлық Өткен жылдар хикаятында табылды. Бұл хикаят Киев Русі жайлы баяндайды. Бұл замандарда Киев Русі Ұлы Новгород ықпалында болған, Киев Русінен солтүстік-шығыста орналасқан басқа жерлердей. XV ғасырдың соңына қарай Новгородтың қаржысы жетіспей жатты да, аймақ Московия қарамағына түсті. 1499 жылы олар Пустозёрск қаласын негіздеді де, ол әскер, сауда, мәдениет пен әкімшілік орталығына айналды.

XVIII ғасырға қарай бұл жерлер Мезень уезінің құрамында болды. 1891 жылы Печора уезі, 1896 жылы Неская болысы құрылды. Автономиялық округтің құрылуына дейін Ненеция жері Архангельск облысының Мезень уезінің құрамына кірді. Оның бірнеше жерлері Коми (Зырян) облысының Ижма-Печора уезінің құрамына да кірді.

Кеңестік тарихы Ненец автономиялық округі делінетін әкімшілік бірлігі ресми түрде 1929 жылғы 15 шілдеде құрылды. Осы кездері ол Канин-Тиман ауданы, Пеша мен Ома сельсоветтерінен, Мезень болысы мен Мезень уезі, Тельвиска-Самоед ауданы, Печора уезі мен Коми (Зырян) автономиялы облысының Ижма-Печора уезі жерлерінен құралған болатын. Осы кезде округ екі ғана ауданнан, Канин-Тиман ауданы мен Большая Земля ауданынан тұрды. 1929 жылғы желтоқсанда округ аумағы өзгерді де, оның құрамына бұрынғы Пустозёрск болысы мен Печора ауданы, бірнеше аралдар кірді. 1934 жылы округ құрамына бірнеше арал, соның ішінде Вайгач аралы кірді. 1935 жылы Нарьян-Мар қала мәртебесіне көтерілді. 1940 жылғы шілдеде әкімшілік орталығы Амдермадағы үшінші аудан, Амдерма ауданы құрылды. Алайда 1959 жылғы 23 қарашада бүкіл әкімшілік аудандар ыдыратылды да, бірнеше жер, соның ішінде Воркута әкімшілік аймағы көршілес Коми Республикасына берілді. Округ осылайша қазіргі аймағына ие болды.

Жақындағы тарихы Ресейдегі ең жаңа аудандардың бірі, Заполярный ауданы 2006 жылы құрылды. «Заполярный» сөзі орысша «Полюстік [шеңберден] ары қарай» дегенді білдіреді.Zapolyarny Municipal District Official Website – Background

Халқы Ұлттық құрамы 2021 жылғы санақ ақпаратынша округтің ұлттық құрамы осындай болды: Орыстар: 69.6% Ненецтер: 18% Комилер: 6.5% Басқалар: 5.9%

Дереккөздер

Санат:Орыс Солтүстігі