Ремейк — бұрынғы шығарылыммен бірдей медиаформаттағы алдыңғы туындының оқиғасын қайта баяндайтын және соның негізінде жасалған фильм, телехикая, видеоойын немесе өнердің өзге де ұқсас түрлері (мысалы, "бар кинофильмнің жаңа нұсқасы"). Ремейк түпнұсқамен бірдей оқиға желісін баяндайтынымен, мүлде басқа актерлер құрамын пайдаланады (сондай-ақ түпнұсқа актерлерін де қатыстыруы мүмкін), сонымен қатар тақырыпты өзгертіп, оқиғаның өрбу бағыты мен орналасқан ортасын басқаша сипаттайуы ықтимал. Сонымен қатар, оемейк алғашқы туындыдан біраз уақыт өткен соң жарық көретіндіктен, ол түпнұсқа жасалған кезеңде әлі пайда болмаған немесе кеңінен қолданылмаған заманауи технологияларды, жетілдірілген тәсілдер мен әдістерді қамтуы мүмкін. Мағынасы жағынан ұқсас болғанымен, бұл ұғымға толық синоним болып табылмайтын "қайта елестету" (reimagining) немесе "қайта іске қосу" (reboot) терминдері туынды мен оның негізі болып табылатын алғашқы нұсқа арасындағы айтарлықтай үлкен айырмашылықты білдіреді.

Кино Фильм римейгі алғашқы фильмнің түпнұсқа дереккөзіне оралудың орнына, негізгі бастапқы материал ретінде әлдеқайда бұрын шыққан фильмді пайдаланады. Мысалы, 2001 жылғы «Оушеннің он бір досы» (Ocean's Eleven) фильмі 1960 жылғы «Оушеннің 11-і» (Ocean's 11) картинасының римейгі болып табылады, ал 1989 жылғы «Бэтмен» — 1966 жылғы «Бэтменге» де шабыт берген комикс түпнұсқасының қайта түсіндірілген нұсқасы. 1998 жылы Гас Ван Сент Альфред Хичкоктың 1960 жылғы «Психо» фильмінің кадр-кадрға дерлік ұқсайтын римейгін түсірді. 2025 жылғы «Ақшақар» (Snow White) фильмі — 1937 жылғы «Ақшақар және жеті ергежейлі» анимациялық туындысының шынайы актерлердің қатысуымен түсірілген (live-action) римейгі.

Кадр-кадрға ұқсайтын римейктерді қоспағанда, римейктердің көпшілігі кейіпкерлерде, сюжетте, жанрда және басты идеяда айтарлықтай өзгерістер жасайды. Мысалы, 1968 жылғы «Томас Краунның алаяқтығы» фильмі банкті тонау төңірегінде өрбітсе, оның 1999 жылғы римейгі құнды картинаны ұрлауды баяндайды.

Сол сияқты, 1969 жылғы «Италиялықша жұмыс» фильмі 2003 жылы қайта түсірілгенде, ондағы кейбір аспектілер ғана сақталып қалды. Тағы бір мысал – Аль Пачино басты рөлді сомдаған 1983 жылғы римейк 1932 жылғы «Тыртық бет» фильмінің желісі бойынша жасалған; 1932 жылғы нұсқа заңсыз алкоголь саудасы туралы болса, 1983 жылғы нұсқадағы кейіпкерлер кокаин контрабандасымен айналысады.

Кейде римейкті сол режиссердің өзі түсіреді. Мысалы, Ясудзиро Одзудің «Қалқып жүрген арамшөптер туралы хикая» атты ақ-қара фильмі кейіннен түрлі-түсті «Қалқып жүрген арамшөптер» болып қайта түсірілді. Хичкок өзінің 1934 жылғы ақ-қара түсті «Тым көп білген жігіт» фильмін 1956 жылы түрлі-түсті етіп қайта түсірді.

Барлық римейктер бұрынғы нұсқамен бірдей атауға ие бола бермейді; мысалы, 1966 жылғы «Жүріңіз, жүгірмеңіз» фильмі – Екінші дүниежүзілік соғыс туралы «Қаншалықты көп болса, соншалықты көңілді» комедиясының римейгі. Римейктер түпнұсқа фильмнің сиквелі (жалғасы) бола бермейді. Дегенмен, бұл жағдайда римейк түпнұсқаның негізгі сюжетін қайталап, тіпті бірдей атауды қолдануы мүмкін, бірақ екі фильмнің де «бір әлемде» өтетінін көрсететін маңызды сюжеттік элементтерді қамтиды. Осындай римейктің мысалы – 2000 жылғы «Шафт» фильмі, бұл түпнұсқа романның екінші экрандық нұсқасы болуымен қатар, 1971 жылғы түпнұсқа фильмнің канондық сюжеттік жалғасы да болды. «Шайтанның өлімі» фильмінің 2013 жылғы римейгі де титрден кейінгі Эш Уильямстың каноэлік көрінісін (камео) қамти отырып, сюжеттік жалғас ретінде түсірілді.

Италиялық «Керемет бөгде адамдар» (Perfetti sconosciuti; 2016) фильмі кино тарихындағы ең көп римейк жасалған фильм атағымен (барлығы 18 түрлі нұсқасы шыққан) Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Видеоойындар Кейбір жағдайларда ойынның түпнұсқа коды сақталып, тек модельдер мен орта ғана қайта жасалады. Римейктер ойынды жаңа аппараттық құралдар мен жаңа аудитория үшін заман талабына сай ету мақсатында шығарылады. Әдетте, мұндай ойын бағдарламалық жасақтамасының римейгі өзінің атауын, негізгі ойын концепцияларын және түпнұсқаның басты сюжеттік элементтерін сақтайды.

2019 жылы шыққан Resident Evil 2 (артынан 2020 жылы Resident Evil 3) және 2020 жылғы Final Fantasy VII Remake сияқты айтулы видеоойын римейктерінің пайда болуымен бұл қатаң ұғымдар қайта қаралып, кеңірек көзқарасқа ие болуда. Мұны тіпті 2004 жылы жарық көрген Metal Gear Solid: The Twin Snakes ойынынан да көруге болады, өйткені бұл туындыда жаңа ойын элементтері мен дыбыстау (дауыс беру) жұмыстары қамтылған.

Римейктерді көбінесе түпнұсқаны жасаушылар немесе авторлық құқық иелері шығарады, дегенмен кейбіреулерін жанкүйерлер қауымдастығы жасайды. Егер видеоойын римейгін фанаттар жасаса, оларды кейде «фан-ойындар» деп те атайды және бұны ретро-ойындар феноменінің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Дереккөздер

Санат:Ремейк Санат:Кино және видео терминологиясы Санат:Телевизия терминологиясы