Еркеш Оразайұлы Батырбеков (20.8.1960 ж.т., Алматы қ.) – химия ғылымдарының докторы (1999).
Еңбек жолы ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтының аспирантурасын (1986) бітірген. Химия ғылымдары институтында инженер (1986–1987), кіші (1987–1994), аға (1994–2000) және 2000 жылдан жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
Найман тайпасы Бағаналы руының Бабас бөлімінен шыққан.Рахметов Шахман, Өткенін ұмытпай, өркен жайған ұрпақ, Алматы, ТОО Дауир, 2003, isbn=978-601-217-433-5, таралым=1500 Ғылыми еңбектері 1999 ж. «Полимерные материалы с регулируемым лечебным действием» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 300-ден астам ғыл. жарияланым («Полимерные материалы с лечебным действием», 2000; «Полимерные гидрогели в фармацевтике», 2004; «Полимерные биоматериалы», 2005) мен өнертабыстың авторы.
Марапаттары «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (1994) Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың (2000) лауреаты.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институты түлектері Санат:Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институты қызметкерлері Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегерлері