Таза байлық — жеке тұлғаның немесе ұйымның барлық активтерінің жалпы құнынан оның барлық міндеттемелері мен қарыздарын шегергеннен кейін қалатын құн.
Анықтамасы Таза активтердің мөлшері — барлық активтердің баланстық құны мен қоғамның борыштық міндеттемелерінің сомасы арасындағы айырма.
Таза активтердің теріс мәні қаржылық есептілік деректері бойынша қоғамның қарыз мөлшері оның бүкіл мүлкінің құнынан асып түсетінін білдіреді.
Баланс құрылымы қанағаттанарлықсыз (таза активтері теріс мәнге ие) қоғамның қаржылық жағдайын сипаттайтын басқа термин — «мүліктің жеткіліксіздігі».
Таза активтер бухгалтерлік баланс деректері негізінде есептеледі. Ол үшін активтер сомасынан баланстың пассивіндегі міндеттемелер сомасы шегеріледі. Бұл ретте есептеуге баланстың барлық көрсеткіштері бірдей енгізілмейді. Мысалы, активтер құрамынан акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың құнын және құрылтайшылардың жарғылық капиталға салымдар бойынша берешегін алып тастау қажет. Сондай-ақ пассивтер құрамында болашақ кезеңдердің кірістері (1530-код, V бөлім), баланстың III бөліміндегі «Капитал» және «Резервтер» жолдары есепке алынбайды.
Егер қаржы жылының қорытындысы бойынша таза активтердің мөлшері жарғылық капиталдан аз болса, кәсіпорын жарғылық капиталының мөлшерін таза активтердің мөлшеріне дейін азайтуға тиіс. Тиісінше, жарғылық капиталды азайтқаннан кейін оның мөлшері тиісті заңда белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болып қалса, бұл кәсіпорынды таратуға негіз болады.
Ашық акционерлік қоғамның дивиденд төлеу туралы шешімі таза активтердің мөлшері жарғылық капитал, резервтік капитал және артықшылықты акциялардың номиналды құны мен тарату құны арасындағы айырманың жиынтық сомасынан кем болмаған жағдайда ғана қабылдануы мүмкін.
Әдебиет
Санат:Бухгалтерлік баланс Санат:Корпоративтік басқару