Лиля Калаус (Лилия Александровна Алексеева) - 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық физика-математика мектебін (РФММ) және Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚазМУ) филология факультетін бітірген. Қырым татары мен эстонның этникалық тегінен шыққан. Филолог, жазушы, блогер, әдеби редактор, сценарист, радиожүргізуші және әдеби шеберлік пәнінің оқытушысы. 2001–2014 жылдары «Книголюб» әдеби журналының бас редакторы қызметін атқарған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ ПЕН-клубының мүшесі.

Кітаптары «Бестиарий» (1999); «Өлеңдер мен суреттер кітабы» (2002); «Қанға толы роман және басқа да повестер» (2005); «Алтын тостағанды іздеу. Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары» (Зира Наурызбаевамен бірлесіп жазған, 2014); «Пиньята» (2015); «Өмір иероглифі» (2019); «Бату мен оның достарының Барсакелмес еліндегі шытырман оқиғалары» (Зира Наурызбаевамен бірлесіп жазған, 2019).

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері