thumb|Отарлық кезеңдегі тоғыз колледждің орналасу картасы Отарлық кезеңдегі колледждер — Америка Құрама Штаттары құрылғанға дейін Он үш отар аумағында негізі қаланған тоғыз жоғары білім беру мекемесі. Бұл оқу орындары түлектері Америкалық революцияға және АҚШ-тың құрылуына қатысқан америкалық ең көне университеттер болып табылады. Сондықтан олардың АҚШ тарихына тигізген ықпалы ескеріліп, бұл тоғыз оқу орны жеке топ ретінде қарастырылады.

Отарлық кезеңдегі тоғыз колледждің барлығы бастапқыда жекеменшік оқу орындары ретінде құрылғанымен, олардың екеуі кейін мемлекеттік университеттерге айналды: Уильям мен Мэри колледжі 1906 жылы, ал Ратгерс университеті 1945 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Қалған жеті оқу орнының барлығы Айви Лигасына кіреді және 2025 жылғы жағдай бойынша жекеменшік мәртебесін сақтап келеді. Олар: Гарвард, Йель, Принстон, Колумбия, Пенн, Браун және Дартмут.

Тоғыз отарлық колледж Отарлық тоғыз колледждің жетеуі әуел бастан жоғары оқу орындары ретінде құрылған. Қалған екеуі бұрыннан жұмыс істеп тұрған дайындық мектептерінің негізінде қалыптасты. Филадельфия қаласындағы Айви Лигасына кіретін Пенсильвания университеті өз қызметін 1751 жылы Бенджамин Франклин негізін қалаған орта оқу орны — Филадельфия академиясы ретінде бастады. Кейін 1755 жылы Филадельфия колледжіне жарғы беріліп, оның негізінде жоғары оқу орны ашылды. Хановер қаласындағы Айви лигасына кіретін Дартмут колледжі өз қызметін 1768 жылы колледждің негізін қалаушы Элеазар Уилок 1754 жылы ашқан орта оқу орны — Мурдың қайырымдылық мектебінің колледждік бөлімі ретінде бастады. Дартмут колледжі өзінің құрылған жылы ретінде 1769 жылды есептейді, өйткені сол жылы оған колледж мәртебесін беретін жарғы берілген.

Сурет Отарлық колледж (қазіргі атауы, егер өзгерген болса) Отар Құрылған жылы Жарғы берілген жылы Оқу басталған жылы Алғашқы академиялық дәрежелер Негізгі діни ықпал Айви лигасы Гарвард колледжі(Гарвард университеті) Массачусетс шығанағы отары 1636 1650 May was referred to as the third month because the year began on March 25. 1642 1642 Конгрегационалдық бағыт Иә Уильям мен Мэри колледжі Виргиния отары 1693 1693 The first year of William III and Mary II's reign began on February 13, 1689 (N.S.). 1694Hall, David D., Cultures of Print: Essays in the History of the Book, Univ of Massachusetts Press, 1996, p. 131 1694 Англия шіркеуі, кейін епископалдық бағыт Жоқ Колледж мектебі(Йель университеті) Коннектикут отары 1701 1701 1702 1702 — құрметті магистр дәрежесі; 1703 — бакалавр дәрежесіDexter, Franklin Bowditch, Biographical Sketches of the Graduates of Yale College: with annals of the college history, Holt, 1885, Volume 1, pp. 6, 9, 13. Nathaniel Chauncey [father of Nathaniel Chauncey], a Harvard BA Graduate, was awarded an honorary MA in 1702 (p. 9); John Hart was awarded an earned BA as "the first actual student in the College" (p. 13). Конгрегационалдық бағыт Иә Нью-Джерси колледжі(Принстон университеті) Нью-Джерси провинциясы 1746 1746 1747 1748 Пресвитериандық, бірақ ресми түрде конфессиялық емес Иә Король колледжі(Колумбия университеті) Нью-Йорк провинциясы 1754 1754 1754 1758Johnson, Samuel, Samuel Johnson, President of King's College; His Career and Writings, edited by Herbert and Carol Schneider, New York: Columbia University Press, 1929, Volume 4, pp. 244, 246 Nine students matriculated this year. Англия шіркеуі, бірақ «діни сенім бостандығын» қамтамасыз ету міндеттемесіменA Brief History of Columbia, Columbia University. Referenced 05.10.2011 Иә Филадельфия колледжі(Пенсильвания университеті) Пенсильвания провинциясы 1740 (колледж) 1755 1755 1757 Англия шіркеуі, бірақ ресми түрде конфессиялық емес pp. 314–315, " "The Anglicans who founded the University of Pennsylvania, however, were evidently anxious not to alienate Philadelphia's Quakers, and they made their new college officially nonsectarian." Иә Род-Айленд колледжі(Браун университеті) Род-Айленд және Провиденс плантациялары отары 1764 1764 1765Hoeveler, David J., Creating the American Mind: Intellect and Politics in the Colonial Colleges, Rowman & Littlefield, 2007, p. 192 1765 Баптистік бағыт, бірақ оқуға қабылдау кезінде діни талап қойылмаған Иә Королева колледжі(Ратгерс университеті) Нью-Джерси провинциясы 1766 1766 1771 1774 Нидерландтық реформаттық бағыт Жоқ Дартмут колледжі Нью-Гэмпшир провинциясы 1769 1769 1768 1771 Конгрегационалдық бағыт Иә

Отарлық кезеңдегі басқа колледждер мен университеттер Бірқатар басқа колледждер мен университеттердің тарихы отарлық кезеңде құрылған академиялар мен мектептерден бастау алады. Алайда олар отарлық колледждер қатарына жатқызылмайды, өйткені 1776 жылы АҚШ тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана академиялық дәреже беру құқығы бар колледждер ретінде ресми жарғы алған. Олардың қатарына мыналар жатады:

Оқу орны (қазіргі атауы, егер өзгерген болса) Отар немесе штат Құрылған жылы Жарғы берілген жылы Діни ықпал Король Уильям мектебі(кейін құрылған Сент-Джонс колледжінің құрамына енгізілді) Мэриленд провинциясы 1696 1784 Англия шіркеуі Кент округінің тегін мектебі(кейін құрылған Вашингтон колледжінің құрамына енгізілді) Мэриленд провинциясы 1723 1782 Конфессиялық емес Бетлехем қыздар семинариясы(Моравия университеті) Пенсильвания провинциясы 1742 1863 Моравия шіркеуі Ньюарк академиясы(Делавэр университеті) Делавэр отары 1743 1833 Пресвитериандық, бірақ 1769 жылдан бастап ресми түрде конфессиялық емес Огаста академиясы(Вашингтон және Ли университеті) Виргиния отары 1749 1813 Пресвитериандық, бірақ ресми түрде конфессиялық емес Чарлстон колледжі Оңтүстік Каролина провинциясы 1770 1785 Англия шіркеуі Питтсбург академиясы(Питтсбург университеті) Пенсильвания провинциясы 1770? 1787 Конфессиялық емес Кішкентай қыздарға арналған мектеп(Сейлем колледжі) Солтүстік Каролина провинциясы 1772 1866 Моравия шіркеуі Дикинсон колледжі Пенсильвания провинциясы 1773 1783 Пресвитериандық Хэмпден-Сидней колледжі Виргиния отары 1775 1783 Пресвитериандық

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Отарлық колледждер Санат:Он үш отар тарихы Санат:АҚШ университеттері мен колледждерінің тарихы