Каспий бойындағы алғашқы балық аулау колхоздары — Кеңес билігінің орнауымен елдің түкпір-түкпірінде, республикалар мен өлкелерде, облыстар мен округтерде колхоз-совхоздар саны үздіксіз өсе бастады. Гурьев облысында да бірнеше колхоз-совхоздар іргетасын қалап, артельдер құрылды. Солардың бірі — Балықшы ауданына қарасты Жаңа талап колхозы. Колхоз Забурын құмды жерінде 1931 жылдың көктемінде құрылды. Орталығы Жанбай ауылы болды, 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін бұндағы батағалар орыс байларынан тартып алынып, мемлекеттік кәсіпорындарға айналдырылып, серіктестіктер, кооперативтер ұйымдастырылды, ең соңында, 1930 жылы колхоз ұйымдастырылды, оған сол жердегі барлык қазақ балықшылары енді. «Жаңа талап" колхозының алғашқы төрағасы болып Бөтешке ұлы Салық сайланды. Сол жердегі батағаларда балық аулау кәсібімен айналысқан қазақтар барлығы сонда жиналып, үй салып, қазақ ауылы болған соң, ауылға аталарының аты Жанбайды берген. нобай|оңға|400px|Жаңаталап колхозшыларына 1956 жылы салынған үйлер. (Жаңа қоныс) «Жаңа талап» колхоз болып құрылғаннан кейін көп қиыншылықты бастан өткерді. Ел ішінде құрал- жабдықтың болмауы колхозға мүше болған шаруаларды әуелгіде толқуға түсірді. Колхоз алғаш құрылған жылы 40 мүшесі ғана болды. 1929 жылы мемлекет тарапынан несие беріліп «Қызыл Орал» атты балық аулау шаруашылығы құрылды. Филиппов Петр Федорович осы шаруашылықтың дамуына ат салысты. П.Ф.Филиппов 15 жасынан теңізге шығып, балық шаруашылығының қыр-сырын терең ұғынып, еңбегінің арқасында 1934 жылы колхоз төрағасы болып сайланды.
Кейін «Қызыл Орал» колхозы «Микоян» деп аталды. Оның басшылығымен колхоз алдыңғы қатарға шығып, миллионер колхоз атанды. Микоян атындағы колхоздың малшы, егінші қазақтары да болды, Бұл колхоздың негізін орыстар құрады, олардың барлығы қалада тұрып, балық аулады. Ал, қазақтардың көпшілігі мал мен егінмен айналысты. 1932 жылдың 2-жартысында балықшылардың саны 164 адам болып, олардың 96-сы әйелдер болды. Колхоз басшыларының (колхоз төрағасы С.Бөтешкин, ауылдық кеңес төрағасы Т.Елжанов болды) дұрыс басшылық жасауы арқасында 1938 жылы колхоз меншігінде 40 шана, 80 жылқы, 10 желкенді кеме болды. нобай|оңға|200px|Төкенов Доспай. Амангелді атындағы колхоз басқармасы Осы кезеңдерден бастап Амангелдіде де колхоздастыру жұмыстары да қызу қолға алына бастады. Ұйым болып еңбекке ұйымдастыру саясаты басталған кезде Ақай деген жерде алғашқы артельге сол жердегі ең кедей балықшылардан қырық адам қайық, құралдарын біріктіріп «Артель» құрды. Кейін оларды «Ақайдың 40 батрағы» деп атап жүрді.
1930 жылы алғашқы Забурын ауыл кеңесінде ұйымдасқан «Социалистік жол» колхозынан «Ораз» колхозы бөлініп, ол 1937 жылдан Аманкелді атын алды. Колхозға мүше болған балықшылар колхоз меншігіне 40-50 ірілі-уақты қайықтарын берді. Ат-шана, уақ құрал-саймандар жеке балықшыларда сақталды. Қоғамдық малды ұйымдастыру 1938-1939 жылдары іске асырылды. Негізгі кәсіп — балық тек теңізден ауланды. Жазда реюшка, жаға қайығы, ал қыста мұз үстінен ақанмен ақ балық бекіре аулау, итбалық соғумен айналысты. Ақан торын балықшылар өздері тоқыды. Бекіре мен итбалық аулау үшін балықшылар ат-шараларымен 8-10 адамнан топтасып, мұз үстінде ай бойы шана толғанша жұмыс істеген.
Колхоздың алғашқы ұйымдасуы мен өркендеуі Теңіз ауданы аумағында болды. Бұл өмірдегі негізгі шаруашылық балық аулау болғандықтан, алғашқы кездерде «Рыболовецкое кредитное товарищество» деген серіктік құрылып, оған ауылдағы қолы бос адамдар біріктірілді. Көп кешікпей серіктік мүшелерінің саны 1480 адамға жетті. 1929 жылдың өзінде қолдағы бар құрал-жабдықтармен Каспий теңізінен балық аулана басталды.
1930 жылдың 5 шілдесінде «Соцалистік жол" колхозы құрылып, оның тұңғыш төрағасы болып Ерен Таспанов сайланды. Жыл өткен сайын колхозға келушілер қатары көбейіп, шаруашылық кеңейтілді. 1934 жылдың қаңтар айында Забурын ауыл кеңесіне қарасты Екінші шаруашылық Ораз Исаев атындағы колхоз болды. Бұл бүгінгі Амангелді атындағы (кооператив) колхоздың негізі еді. Колхоз төрағалығына Доспай Төкенов сайланды. Балық аулау және оны тапсыру түгел қол күшімен атқарылды. Сол кездегі ауланған балық жаз айларында №30 Забурын балық қабылдау зауытына, ал қыста Каспий саласындағы Кузнецов батағасына тапсырылып отырды. Колхоз балық аулаумен қатар мал шаруашылығымен де айналысты. 1938 жылы Ораз Исаев атындағы колхозға ұлт-азаттық көтерілістің басшысы батыр Амангелді Имановтың аты беріліп, ал колхоз басқарма төрағалығына Қожабек Дәулетияров сайланды.
Балықшылар теңізден балық аулауға батаға лайналасындағы ұсақ өзендер мен өзекшелерден теңізге тікелей шыққан, яғни онда су толық болып, теңіз деңгейі де жоғары болған. ХХ ғасырдың басынан Каспий теңізінің деңгейі төмендей бастаған. Осыған байланысты бұрынғы кішігірім өзендер мен өзекшелер құрғап, кеуіп, теңізден үзіліп қалып, онда су қалмаған, қайықтар мен кемелер тіке теңізге шыға алмаған. Сөйтіп, теңізден балық аулаудың бір ғана жолы немесе Жайық өзені арқылы шығу қалды. Ол үшін колхоз балықшылары қайық, басқа да ыдыстарды, ауларды, құрал-жабдықтарды Атырау қаласындағы моторлы балық аулау станциясынан алып, болған соң оларды қайта тапсырып отырған. Сондай-ақ балықшылар теңізге Жайық арқылы шығу үшін арғы жағы Забурын, бергі жағы Жанбайдан 150-160 шақырым көлікпен немесе жаяу қатынаған.
Басқа колхоздар (ұжымшарлар): Балықшы ауданы Кеңшар/ұжымшар атауы Орталығы Негізгі бағыты Құрылды Ескертпе Амангелді атындағы Дамбы а. балық аулау 1934 ж. 1957 ж. Новобогат ауданынан көшірілді Жамбыл атындағы Жаңаталап (Жамбыл) а. балық аулау 1957 ж. «Қызыл балық» Қызыл балық а. балық аулау 1930 ж. 1957 ж. Новобогат ауданынан көшірілді Құрманғазы атындағы Құрманғазы (Соцжол) а. балық аулау 1930 ж. 1957 ж. Новобогат ауданынан көшірілді, 1963 ж. дейін «Социалистік жол» деп аталды Ленин атындағы Еркінқала а. балық аулау 1960 ж.
Құрманғазы (Теңіз) ауданыАтырау (Гурьев) облысының колхоздары мен совхоздары туралы тарихи анықтамалық (1928-1997 жж.) Кеңшар/ұжымшар атауы Орталығы Негізгі бағыты Құрылды Ескертпе «Қызыл таң» Бірлік (Утеры) а. балық аулау 1930 ж. (1958 ж. «1 Май», 1971 ж. Амангелді ат. ұжымшарлар қосылды) Ленин атындағы Кудряшёво а. балық аулау 1954 ж. Сталин, Тельман ат. ұжымшарлар негізінде (1962 ж. «Новая Жизнь» ұжымшары қосылды) «Путь к Коммунизму» Сафоновка а. 1930 ж. (1955 ж. «Красный моряк» ұжымшары қосылды)
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы тарихы