Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімова — ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, білім беру саласының қайраткері.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1972 жылы 2 тамызда Алматы облысы Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында туған. 1989 жылы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, 1994 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын "Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты Филология факультеті деканының орынбасары, Орыс филология кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған. Институт алғашқылардың бірі болып кредиттік жүйеге көшкен уақытта жас маман факультет бойынша оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген оқу жоспарларын жасауға атсалысты. Осы жылдары "Ең үздік деканның орынбасары" атағына ие болды. Салалық министрлік тарапынан құрылған аттестациялық комиссияларға мүше болды. 2003-2008 жылдары Алматы үздіксіз білім беру университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, 2008-2011 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінің директоры, 2011-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметтерін абыроймен атқарды. 2020 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры қызметінде болды. 2025 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры қызметін атқарып келеді.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы тағайындалды.

Ғылыми бағыты, еңбектері Бейбіткүл Сәрсемханқызы тіл білім, салыстырмалы грамматика, замануи қазақстандық саясаткердің тілдік тұлғасы мәселелері, оқулықтану саласы бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді. Оның авторлығымен 80-нен астам ғылыми еңбек жарық көрді. Оның ішінде 2 монография, 16 оқулық пен оқу құралы, 4 сөздік және бірнеше мақала шықты. Ерекше еңбектері – "Қазақ тілін оқыту әдістемесі", "Қазіргі орыс тілі", "Практикалық орыс тілі" оқулықтары мен "Қазіргі қоғамдық-саяси терминдер" сөздігі. 2006 жылы "Қазіргі саясаткердің тілдік тұлғасы (Қазақстандағы орыс тілді публицистика материалдары негізінде)" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, филогоия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 2009-2012 жылдары "Орыс тілі қазақ әдеби тіліндегі арнайы терминдерді жеткізуші ретінде" атты іргелі ғылыми жобаны орындауға қатысты, 2012-2014 жылдары "Техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне арналған оқу басылымдарын жобалаудың теориялық-әдіснамалық негіздері Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың іргелі жобасына жетекшілік жасады. 2015-2017 жылдары "Қазақстанның көптілділік саясатын жүзеге асыру жағдайында педагог мамандардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру" тақырыбындағы іргелі ғылыми-зерттеу жобасын орындады. 2018-2020 жылдарға арналған "Жаһандану жағдайындағы Қазақстандық БАҚ және олардың қоғамдық сананы жаңғыртудағы ықпалы (лингвистикалық аспект)" тақырыбындағы жобаны орындаушылардың бірі болды. "Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталығын басқарған жылдары отандық оқулықтану саласына елеулі үлес қосып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізудің теориялық-әдіснамалық негіздерін жасауға ат салысты. "Мектеп оқулығы: қазіргі жағдайы мен дамуы" ұжымдық монографияға, "Оқулықтану бойынша анықтамалық-сөздік", "Оқулық жобалау және сараптау", "Әлемдік оқу басылымдары: негізгі тенденциялар", "Мектеп оқулығы моделінің тұжырымдамалық негіздері" сынды 40-тан аса ғылыми еңбектің, оның ішінде бірнеше жоғары импакт-факторлы мақалалардың шығуына жетекшілік етті.

Марапаттары "Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі"; "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі"; "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі"; "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалі"; "Астанаға 20 жыл медалі"; ""Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісі"; "Ерен еңбегі үшін медалі".Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімова. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің Құрмет грамоталары.Ұ 43 Ұлттың ұлағатты ұясы: Анықтамалық-танымдық жинақ. – Алматы: "Қыздар университеті" баспасы, 2020 жыл. – 458 бет. ISBN 978-601-346-029-1

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті түлектері Санат:Ректорлар