нобай|372x372 нүкте|Величко Панко ГеоргиевичПанко Георгиевич Величко (1930, Киев — 2009, Павлодар) — қазақстандық кескіндемеші, график, индустриалдық және лирикалық пейзаж шебері. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1976).

Өмірбаяны Киев қаласында туған. Ф.Э. Дзержинский атындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Ганчо оюы бойынша бұқар шебері Усто-Ширин Мауратовтан тәлім алған (1942).

Ұлы Отан соғысынан кейін Ленинград этнографиялық музейінде суретші қалпына келтіруші қызметінде істеген. Мәскеу полиграфиялық институтын бітірген. 1955 жылы Ленинград ЛКЖО жолдамасы бойынша Павлодарға келген.

1956 жылдан облыстық драма театры, Халық оперетта театрының суретшісі, саяси ағарту үйі жанындағы Мәдениет университетінің лекторы. Көркемсурет шығармашылық шеберханалар және Павлодар көркемсурет музейінің ірге тасын қалаушылардың бірі болған, облыстық филармония көркемсурет кеңесінің мүшесі. Павлодар облыстық телевидениясының суретші қоюшысы (1976).

Шығармашылығы 1958 жылдан облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы. Оның ішінде: Қазақстан өнері декадасы (Мәскеу, 1958); В.И. Лениннің туғанына 100-жыл толуына арналған көрме (Павлодар, 1970); Халықаралық көрме (Австрия, 1979); 75-жас мерейтойына арналған жеке көрме (Павлодар, 2005).

Санат:Қазақстан суретшілері Санат:КСРО суретшілері Санат:1930 жылы туғандар Санат:2009 жылы қайтыс болғандар Санат:Киев тумалары Санат:Павлодар тұлғалары Суретші туынды ортаға|нобай|343x343 нүкте|Күз. 1979. Кенеп, майлы бояу; 100х120.

Дереккөздер