Джордж Рой Хилл (20 желтоқсан 1921 — 27 желтоқсан 2002) — америкалық кинорежиссёр, жазушы, продюсер және актер. Оның түсірген фильмдерінің қатарында басты рөлдерді Пол Ньюман мен Роберт Редфорд сомдаған әйгілі «Бутч Кэссиди және Санденс Кид» (1969) және «Афера» (1973) туындылары бар. Бұл екі фильм де оған «Үздік режиссер» номинациясын әкелді, ал кейінгі туындысы үшін ол аталмыш жүлдені жеңіп алды.Davidson, Bill. (Mar 16, 1975) The Entertainer. New York Times Magazine, SM15. "Certainly George Roy Hill's pictures have been an important influence in showing the industry that what the public wants is a good story." Peter Bogdanovich, qtd. in Bill Davidson, "The Entertainer," New York Times Magazine, March 16, 1975.
Өмірбаяны
Жастық шағында Джордж Рой Хилл Йель университеті мен Дублиндегі Тринити-колледжінде музыка мамандығы бойынша білім алды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери авиацияда қызмет етіп, пилот болды, әскери іс-қимылдарға қатысты. Актер ретінде ирландиялық және америкалық театрларда ойнады, 1948 жылдан бастап театр режиссері болып еңбек етті. Корей соғысы басталғанда Джордж қайтадан әскери авиацияға оралды. Әскери қызметтен босаған соң, Хилл теледидар мен театрға арналған пьесалар жазды, телешоуларға режиссерлік етті, Йельде драма өнерінен сабақ берді. Ол Томас Вулфтың «Үйіңе қара, періште» пьесасын Бродвей сахнасында қойып, үлкен жетістікке жетті.
1962 жылы режиссердің кинодағы дебюті өтті. Оның Теннесси Уильямстың пьесасы бойынша түсірілген алғашқы «Бейімделу кезеңі» («Period of Adjustment», 1962) фильмы Джейн Фонда үшін де дебют болды. Бұл фильм Лилиан Хеллманның пьесасы бойынша түсірілген екінші «Шатырдағы ойыншықтар» («Toys in the Attic», 1963) картинасы сияқты сыншылар мен көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырмады. Эксцентрикті пианист (Питер Селлерс) туралы «Генри Ориенттің әлемі» («The World of Henry Orient», 1964) комедиясы сәттірек деп танылды. Алайда Джеймс Митченерен бестселлері негізінде түсірілген «Гавайи» («Hawaii», 1966) блокбастері сәтсіз шықты. 1967 жылы Хилл Джули Эндрюс қатысқан және тамаша би нөмірлері бар «Ерекше заманауи Милли» («Thoroughly Modern Millie») атты жақсы ретро-мюзиклін қойды, бірақ бұл фильм де үлкен жетістікке жете алмады.
Алайда Буч Кэссиди және Санденс Кид (1969) вестерні Хиллге әлемдік атақ әкелді. Режиссер дәстүрлі жанрлық атрибуттарға жастар контрмәдениетінің тереңдігі мен сезім шынайылығын, сондай-ақ еуропалық киноавангардтың нәзіктігін енгізді. Жеті Оскар сыйлығына ие болған «Афера» (1973) комедиясы да үлкен жетістікке жетті. Скотт Джоплиннің регтаймы мен жеңіл әзіл-оспақ карта ойынының шеберлері мен ипподром алаяқтарының өмірінен сыр шертетін бұл оқиғаның өн бойынан айқын көрініс тапты. Алдыңғы фильмдегідей, Роберт Редфорд пен Пол Ньюманның тамаша дуэті жарқын нәтиже қамтамасыз етті.
Осы екі картинаның аясында «Бесінші нөмірлі сойқан» («Slaughterhouse-Five», 1972) сатирикалық фантазиясы, алғашқы ұшқыштардың өмірінен алынған «Ұлы Уолдо Пеппер» («The Great Waldo Pepper», 1975) трагикомедиясы және хоккей туралы «Қақпаға соққы» («Slap Shot», 1977) комедиясы әсерсіздеу көрінгенімен, оларда да жарқын эпизодтар аз болмады. Сүйкімді, бірақ үстірт «Кішкентай махаббат романынан» («A Little Romance», 1979) кейін Хилл Джон Ирвингтің бестселлері бойынша «Гарп әлемі» («The World according to Garp») атты біркелкі емес «қара комедияны», сондай-ақ Дайан Китон қатысқан «Кішкентай барабаншы қыз» («The Little Drummer Girl») тыңшылық драмасын түсірді. Режиссердің соңғы «Көңілді ферма» («Funny Farm», 1988) фильмы мүлдем назардан тыс қалды.
Соңғы жылдары Хилл Паркинсон ауруынан зардап шекті.
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Америка режиссерлер гильдиясы сыйлығының иегерлері Санат:Йель университеті түлектері