Роза Шаңырақбайқызы Абитаева — ғалым-ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, доцент.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1957 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында туған.

В. Куйбышев атындағы сегізжылдық мектепті бітіріп, білімін Жамбыл облысындағы орта мектепте жалғастырды. Оны аяқтаған соң Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Психологиялық-педагогикалық факультетін 1979 жылы үздік бітірген. Еңбек жолын Жезқазған педагогикалық училищесінде "Педагогика" және "Балалар психологиясы" пәндерінің мұғалімі болып бастады. 1980 жылдан бері Жезқазған педагогикалық институтының Педагогика және психология кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, Тәрбие жұмысының әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі сынды қызметтерді атқарды. 1983 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының "Педагогика теориясы мен тарихы" мамандығы бойынша аспирантура бітірді.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттілігін дамыту" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми мақала, 7 оқу құралы және "Білім беру менеджментіне жалпы білім беру мекемелерінің басшыларын дайындау жүйесі тақырыбыдағы монографиясы, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп мекемелердің тәрбиешілері үшін бірнеше оқу құралдары мен "Ерте жастағы балалардың дамуы", "Мектепалды және бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностикасы" және "Баланың мектептегі алғашқы күні" атты әдістемелік нұсқалықтары жарық көрді.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіні Құрмет Грамотасы; Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің "Құрмет" және "Ахмет Байтұрсынов атындағы" медальдары, "Үздік оқытушысы", "Үздік ғылыми қызметкері" атақтары; "Жезқазған қаласының атақты адамы" атағы.Ұ 43 Ұлттың ұлағатты ұясы: Анықтамалық-танымдық жинақ. – Алматы: "Қыздар университеті" баспасы, 2020 жыл. – 458 бет. ISBN 978-601-346-029-1

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Абитаева Роза Шанракбаевна.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті оқытушылары Санат:Қазақстан педагогтары