Керегетас – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жеріндегі тау. Жыланды, Ақсай, Қаршығалы өзендерінің аралығында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 12 км. Абсолюттік биіктігі 991 м.

Жер бедері Беткейлері сай, жыралармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың шығыс етегінде қорымтастың мол үйіндісі бар.

Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас, бұталар өседі. Жайылымдық және шабындық жерлер мен қыстаулар бар.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары