Тұяқбайұлы Ақмырза (1911, Жалағаш ауданы – 1996, Қызылорда қ.) – әнші-жырау.
Тұяқбайұлы Сыр өңірінің жыраулық өнерінің өкілдері Орынбай, Жиенбай, Тасберген, Молдахмет, Даңмұрын, т.б. өнерлерін жалғастырып, олардың жыр айту мақам-саздарын жақсы меңгерген. Тұяқбайұлының орындауында Сыр сүлейлерінің шығармалары облысы, респ. радио, теледидар қорына жазылып алынған. 1946 жылдан Н. Бекежанов басқарған концерттік-эстрадалық топта еңбек етті. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер