Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев (29 маусым 1971 жыл, Шымкент) — қазақстандық саясаткер, мемлекет қайраткері, кәсіпкер.

Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.

Мансабы 1992 жылдан - «Ақ Бастау банкі» ААҚ коммерциялық бөлімінің маманы (Шымкент қаласы).

1993 жылдан - Мәскеулік «Фьючер» акционерлік коммерциялық банкі басқармасы төрағасының орынбасары. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факултетін бітірген (1995).

1995 жылдан - Ливерпульдік «Welkfield inspection Services Ltd.» мақта сертификаттау компаниясының бас директоры (Шымкент қаласы). Халықаралық экономикалық даму жөніндегі магистр атағы бар.

1996 – 1998 жылы Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.

1998 – 2001 жылы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікте, Президент әкімшілігінде, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте қызмет атқарды.

2001 жылы Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы консультанты болып істеді.

2002 жылы экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің вице-министрі,

2003 жылы Маркетинг талдау, зерттеулер, орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

2004 жылдың сәуірінен - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары,

2005 жылдан - Әлеуметтік - экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі, 2006 жылдан - жетекшісінің орынбасары.

2007 жылдың қаңтарынан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.

2007 - 2013 жылдары - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2013 жылдың қарашасы - ҚР Президентінің көмекшісі. 24 тамыз 2015 ж. ҚР Президенті көмекшісі қызметінен босатылды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері