Құркелес – Сырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны Түркістан облысындағы Сарыағаш, Келес, Шардара аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 144 км, су жинайтын алабы 3600 км2.

Бастауы мен сағасы Құркелес Сарыағаш қаласының оңтүстік-батысындағы белесті қырат бұлақтарынан бастау алып, түстікке қарай жылжиды. Жоғары жағында Сарыжылға өзені келіп құяды. Жағалауында Қоңыртөбе, Сарыжылға, Жаңа тіршілік, Бірлік тағы да басқа ауылдар орналасқан.

Бірлік ауылынан өте бере ең төменгі саласы саласы Ащысай өзені келіп қосылады. Ащысай қосылған соң он шақырымдай ағады да, Сырдария өзені бойындағы Шардара бөгеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасы тік жарлы. Аңғары кең. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Суы бау-бақша суаруға пайдаланылады.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Келес ауданы өзендері Санат:Сарыағаш ауданы өзендері Санат:Шардара ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы