Тегісшілдік — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Тегісшілдік ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан батысқа қарай 23 км-дей жерде, Жарлы өзенінің оң жағасында орналасқан.
Тарихы Іргесі 1933 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1965 жылдан қой өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Тегісшілдікте кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1212 1034 665 64,3 527 356 67,6 507 309 60,9
Инфрақұрылымы Елді мекендерінде (Тегісшілдік, Жарлы, Шұңкырқұдық) 3 мектеп, отбасылық- дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, саз мектебі, 3 кітапхана, пошта байланыс торабы жұмыс жасайды. Ауыл елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері