Сарытерек — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Сарытерек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғайдан оңтүстік-шығысқа қарай 36 км жерде орналасқан. Aуылды Байты, Доңғал, Достар, Желтау таулары қоршап жатыр.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1075 620 430 69,4 325 228 70,2 295 202 68,5

Тарихы Іргетасы Сарытерек селолық Кеңесі болып 1928 жылы қаланған. Бұрынғы Каганович, Ленин, Үшөзен, Сарыши, Сарытерек колхоздарының негізінде 1950 жылы ірілендірілген Ленин колхозы болды. 1963-96 жылдары қой өсіретін “Ақтоғай” кеңшарының орталығы болып келді. Соның негізінде Сарытеректе шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері