Родниковка, Бұтақты — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл, Родников ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Мәртөк ауылынан шығысқа қарай 45 км жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2097 адам (1048 ер адам және 1049 әйел адам) болса, 2009 жылы 1952 адамды (1002 ер адам және 950 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1406 адамды (725 ер адам және 681 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Ауыл 1961-1996 жылдары астық өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Родинада және округтегі Бөртпе, Бұтақ, Калиновка, Сынтас ауылдарында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Мәртөк ауданы елді мекендері