thumb|right|200px|Енгван Инсугович Ким Енгван Инсугович Ким (12.11.1911, Ресей, Приморье өлкесі, Хасан ауданы, Усть-Сидими селосы – 14.12.1994, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1959), профессор (1960), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері (1981).

1937 - Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1937-1945 - Қызылорда педагогикалық институтында (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, 1942-1943 - институт директорының орынбасары, 1945-1951 - ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, Дондағы Ростов мемлекеттік педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, 1951-1953 - декан 1955-1956 - доцент 1956-1964 - Харьков педагогикалық институтында профессор 1964-1994 - Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институтында лаборатория меңгерушісі, әрі ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері дербес туындылы теңдеулер теориясына арналған. Ол парабола типтес дербес туындылы теңдеулер үшін шекаралық есептердің теориясына және оның техникада қолданылуына байланысты мәселелерді қарастырып, оларды шешудің жаңа тәсілдерін тапты.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:12 қарашада туғандар Санат:1911 жылы туғандар Санат:Хасан ауданында туғандар Санат:14 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы корреспондент мүшелері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қызылорда мемлекеттік университеті декандары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Дондағы Ростов мемлекеттік педагогикалық институты оқытушылары Санат:Дондағы Ростов мемлекеттік педагогикалық институты декандары Санат:Харьков педагогикалық институтының профессорлары Санат:Математика, информатика және механика институты қызметкерлері Санат:Қазақстан математиктері Санат:КСРО математиктері