Сәдуақас Ерматұлы Ерматов (7 ақпан 1933 жылы туылғын, Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Үшбау ауылы) – ғалым, физика-математика ғылымының докторы (1972), профессор (1976). Халықаралық Ғылым Академиясының академигі.

Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 – 1957 ж. Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы. 1960 – 1963 ж. Өзбек КСР Ғылым Академиясының физика-техникалық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1963 – 1966 ж. Шыршық қаласындағы Баяу балқитын және ыстыққа төзімді металдар комбинаты жанындағы Өзбек КСР Ғылым Академиясының физика-техникалық институты филиалында жетекші. 1966 – 1986 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында зертхана жетекшісі, директордың орынбасары (1970 – 1980). 1980 – 1999 ж. ҚазМУ-да декан, кафедра меңгерушісі, профессор. 1999 жылдан Қазақ-Ресей мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің эксперименталды физика кафедрасының профессоры. Негізгі ғылыми еңбектері радиациялық физика, радиациялық технология мен жаңа техника мәселелеріне арналған. 280 ғылыми-әдістемелік жұмыстың, 3 оқулықтың авторы.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер</span>

Санат:Тұлғалар