Теке — Ертіс алабындағы ащы көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында. Аудан орталығы – Кішкенекөл кентінің солтүстік-шығысына қарай 40 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 265,6 км2, ұзындығы 33,3 км, ені 20,1 км, су жиналатын алабы 4240 км2. Жағалық сызығының ұзындығы 155,2 км, тереңдігі 1 м. Суының көлемі 0,13 км3 (орташа көп жылдық суының жылдық мөлшаруашылығы 10 миллион м3). Қазаншұңқырының беткейі жайпақ, түйетайлы. Жағалары тік жарлы (олардың биіктігі кей жерінде 6 м-ге жетеді). Көлге ұзынды-қысқалы 37 өзен мен жылға құяды (Ақсай, Кенесай, Көбенсай, Талдысай, т.б.) Жауын-шашын және қар суымен толығады. Қар қалың жылдары көктемде су деңгейі біраз көтеріледі (0,2-0,3 м).
Өсімдігі Су жиналатын алабының 70%-ы жыртылған, қалған 30%-ында бетеге, селеу, жусан, т.б. далалық өсімдіктер өседі. Алабы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері