Марат Айдарұлы Кинеев (1939 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1994). 1962 - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1962-1965 - Ақтөбе малдәрігерлік техникумында бас зоотехник, оқытушы, 1965-1968 - қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде аспирант, 1968–1981 - Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Семей мемлекеттік университеті) доцент, кафедра меңгерушісі, 1981–1997 - Солтүстік ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1997 - ҚР ҒА Малдәрігерлік және мал өнімдері ғылыми-зерттеу институтында академигі-хатшы қызметтерін атқарды.

«Разработка и совершенствования системы кормления молочных коров на Северо-Востоке и Севере Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Кинеев 120 ғылыми жарияланымның, оның ішінде бірнеше кітаптардың авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Ғылым