Байзақ батыр ескерткіші — Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылына кіре берісте биіктеу төбе үстіне Байзақ Мәмбетұлының құрметіне 1998 жылы орнатылған.
Мүсіншісі Ж. Молдабаев, архитекторы Әділ Момынжанов. Еңселі ескерткіш қызғылт-сұр граниттен жасалынған тұғырдың үстінде тұр. Бойының биіктігі 4,2 метр, тұғыры 2 метр. Жылтыр қызыл граниттің бетіне «Байзақ Мәмбетұлы» деп жазылған. Ескерткіш орнатылған төбе көгалдандырылған. Төбенің етегінен ескерткішке дейін ені 1,5 метр баспалдақтар бастап апарады.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ескерткіштері Санат:Байзақ ауданы сәулеті Санат:Сарыкемер Санат:1998 жылы пайда болғандар