Айдын көлі – Талас өзенінің төменгі ағысы алабында орналасқан тұйық көл.

Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерінде, Ақжар, Жылқыбай көлдерінің солтүстігінде, теңіз деңгейінен 305,0 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 7,0 км2, ұзындығы 5,8 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 23,0 км. Жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен. Суы тұзды. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Көктемгі жауын-шашын кезінде көршілес жатқан көлдермен ұласып кетеді. Жағалауы – мал жайылымы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы көлдері